Мәнерлеп оқу конкурсы

30.11.2018

Успен ауылы «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық «Тұңғыш Елбасы» конкурсы 5-11 сынып оқушылары арасында өтті. Конкурсқа 14 мектептен 52 оқушы қатысты. Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылардың қазақ және орыс тілінде қатысуына мүмкіндік болды.

Конкурс екі бағыт бойынша өтті:

Бірінші бағыт – мәнерлеп оқу конкурсы (Тұңғыш Президент туралы өлеңдерді жатқа айту).

Екінші бағыт – жас ақындар конкурсы (Тұңғыш Президентке арналған арнау, мадақ өлеңдер, шығармалар орындау).

Конкурсқа қатысқан оқушылар Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевқа арналған мадақ өлеңдерін оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Сондай-ақ, екінші бағыт бойынша жас ақыңдар Ұлт көшбасына арналған жүрек жарды өлеңдерін тарту етті.

Конкурс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірінші бағыт бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында І орынды: Балтыбаев Алинур – Лозовой орта мектебінің 7-сынып оқушысы және Фот Дарья – Вознесен негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы иеленді. Екінші бағыт бойынша І орынды: Марқабай Мейрамбек – Лозовой орта мектебінің 7-сынып оқушысы және Бакулина Ксения – Павлов орта мектебінің 8-сынып оқушысы иеленді.

Барлық қатысушыларға ұйымдастырушы комитеті дипломдар мен сертификаттар табыстады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp