«Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде Успен ауданында жерлес меценаттар форумы өтті

19.11.2018

Аудандық Мәдениет үйінде 16 қараша Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде жерлес меценаттар форумы өтті. Аудандық іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік органдардың басшылары, құрметті азаматтар, аудандық мәслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері, ШҚ, ФҚ, ЖК басшылары, осы берекелі жерде бұрын тұрып, еңбектенген және қазіргі уақытта осында тұрып, еңбектеніп жүрген ауылдықтар шақырылды.

Жүректен шыққан құттықтаулар, бір-бірін тану қуанышы – форумда жылы, достық және көңілді жағдай орнады.

Іс-шара басталмас бұрын қонақтардың назарына фойеде тарихи-мәдени мұра көрмесі, кітап көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Форумды аудан әкімі Бауыржан Қасенов: «Бүгінгі күні оң нәтижелер ауданның барлық тұрғындарының жөнген салынған, ұйымдасқан жұмысының арқасында мүмкін болды. Сондықтан, мен алғашқыда, ең басты байлығымыз, біздің ауданымыздың дәулеті – адамдар, деп айтқан болатынмын. Осындай қысқа уақыт ішінде атқарылған жұмыстың бүкіл ауқымын баяндау мүмкін емес, сондықтан, бүгінгі форумның барысында айтылатын сіздердің ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз ауданның атқарушы органдарының одан арғы жұмысында өзіндік навигатор болатынына үміттенемін» деген сөздермен ашты.

Іс-шараның екінші бөлімінде форум спикерлерінің талқылаулары басталды. «Галицкое» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.А. Касицын, «Успен ауданы - Рухани жаңғыру» ҚҚ басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты А.В. Ви, «Рысмаганбетов» ШҚ басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы И.К. Рысмаганбетов спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Ресми бөлім барысында ауданның дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің мадақтамаларымен және алғыс хаттарымен меценаттар және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері атап өтілді.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның галла-концерті мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі болды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp