Аудан әкімі Бауыржан Қасеновтың Константинов, Равнополь және Таволжан ауылдарының тұрғындарымен кездесулері өтті

14.11.2018

Аудан әкімі Б.Қ. Қасеновтың жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылғы 12 қараша күні аудан әкімінің халықпен кездесулері басталды. Күн тәртібінде 2018 жылдың 10 айы ішінде ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің есебі. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты проблемалық мәселелерді анықтау және оларды уақытында шешу болып табылады. 12-13 қараша күндері кездесулер Константинов, Равнополь және Таволжан ауылдарының тұрғындарымен өткізілді. Константинов ауылында болған кездесуде Константинов ауылының МҮ күрделі жөндеу қажеттілігі, «Айгөлек» сәбилер балабақшасында мемлекеттік тілді топты ашу, қосымша көше шамдарын орнату туралы мәселелер талқыланды. Таволжан ауылының тұрғындарымен электр желілерді қайта тарту, жазғы уақытта жеке меншік сектордың малын жаю және басқа да маңызы зор мәселелер көтерілді. Барлық пайда болған мәселелер ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің бақылауында.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp