КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

25.10.2018

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі:

Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;

Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»;

Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;

Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»;

Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;

Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар ».

Офлайн/онлайн қызметтерды тегін ала аласыз.

Сервистік қызметке қатысты өтініштерді келесі мекенжай бойынша бере аласыздар: Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Павлодар қ-сы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат байланыс телефоны: 8 /7182/  660311 (ішкі ном. 5520).


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp