Аудандық және кент іші маңызы бар автомобиль жолдары

05.10.2018

2018 жылы Успен ауданында автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 4 жоба іске асырылды:

1) «Аудандық маңызы бар Успен а. оңтүстік кіре бері км 0-2,2 автомобиль жолын орташа жөндеу». Жолдың жөнделетін учаскесінің ұзындығы 575 м (Баюк к-сінен Геринг к-сіне дейін). Жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 16,2 млн. теңге бөлінді. Жол жабындысына асфальт төсеу, жол жиегін қиыршықтаспен бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді, жолақ салынды, 4 дана «Жаяу жүргін жол» жол белгілері орнатылды. Мердігер «Гордорстрой» ЖШС. Жұмыстар 2018 жылдың мамырында аяқталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

2) «Успен а. Милевский к-сін 2,8 км, Абай к-сін 2,4 км, Семенченко к-сін 1,4 км орташа жөндеу». Жөнделген учаскелердің жалпы ұзындығы 6,6 км. Жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге бөлінді.  Жол жабындысына асфальт төсеу, жол жиегін қиыршықтаспен бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді, жолақ салынды. Мердігер «ШЫГЫС ЖОЛДАРЫ» ЖШС. Жұмыстар 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

3) «Вознесен а. Победа к-сін 1,53 км, Володарский к-сін 0,585 км, Абай к-сін 0,203 км орташа жөндеу». Жөнделген учаскелердің жалпы ұзындығы 2,318 км. Жобаны іске асыруға аудандық бюджеттен 30,9 млн. теңге бөлінді.  Жол жабындысына асфальт төсеу, жол жиегін қиыршықтаспен бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді, жолақ салынды. Мердігер «ШЫГЫС ЖОЛДАРЫ» ЖШС. Жұмыстар 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

4) «Константинов а. Геринг-Беккер к-сін 2,014 км, Абай к-сін 1,136 км орташа жөндеу». Жөнделген учаскелердің жалпы ұзындығы 3,15 км. Жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 32,1 млн.теңге бөлінді. Жол жабындысына асфальт төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді, жолақ салынды. Мердігер «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp