Успен ауданы бойынша 2018 жылдың 6 қазанында өткізілген сенбіліктің қорытындылары туралы ақпарат

08.10.2018

Успен ауданының ауылдық елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру мен санитариялық тазалау мақсатында, аудан әкімдігінің 21.09.2018 жылғы «2018 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Успен ауданының елді мекендерін абаттандыру және санитариялық тазалау бойынша айлықты өткізу туралы» №217/9 қаулысы қабылданды.

А.ж. 6 қазанында облыстық сенбілік өткізілді. «Аймақ ажары» және «Огни села» аудандық газеттерінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 38 нөмірінде сенбілікті өткізу күні туралы хабарлама жарияланды, және де ауылдар мен ауылдық округтер әкімдіктерімен хабарламалар қоғамдық орындарда орналастырылды.

Айлық пен Сенбілікті ұйымдастыру мен өткізу үшін «2018 жылдың 22 қазанынан бастап Успен ауданының елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру мен санитариялық тазалау бойынша айлыққа дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді.

Ауданның барлық мемлекеттік мекемелері, жалпы білім беру мектептері, ұйымдары мен кәсіпорындары (174 бірлік: 25 білім беру объектісі, 19 денсаулық сақтау объектісі, 39 мәдениет объектісі, 23 мемлекеттік мекемесі, кәсіпорындары, ұйымдары, ЖК, ЖШС, ШҚ), және де барлық еңбекке жарамды халық 2018 жылдың 6 қазанында Сенбілікті өткізуге барынша белсенді қатысты. Ауылдық округтер әкімдіктері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары Сенбілікке қатысушыларды, шараларды сапалы өткізуге қажетті автокөлік техникасымен (34 бірлік) және басқа заттармен қамтыды.

Сенбілікті өткізу барысы Успен ауданының ТКШ, ЖК ж АЖ бөлімі мен модульдік жұмыс тобы мүшелерінің бақылауында болады, олар бекітілген аумақтар мен округтерге тәжірибелік көмек көрсету үшін шығады.

24 ескерткіш, обелиск және оларға іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды (3401 м2).   

Аудан аумағында сенбілікті өткізу күні 635 тал мен 135 бұта көшеттері егілді, соның ішінде: Успен а/о - 300, Қоңырөзек а/о - 10, Белоусов а/о - 50,  Таволжан а. – 74, Надаров а/о - 20, Богатырь а. - 50, Қозыкеткен а. – 50.

Сенбілікті өткізу күні қоныстану зоналары шегінен қоғамдық қоқыс орындарына 636 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдық шығарылды. Үй іші аулалары мен елді мекендердің шеттерін санитариялық тазалаудың ауданы шамамен 65 700 м2құрады.

Кәсіпорындарға, шағын және орта бизнес объектілеріне (офистер, дәріханалар, дүкендер және т.б.) іргелес 50 200 м2 аумақ қоқыстан тазартылды.

Елді мекендерді абаттандыру мен санитариялық тазалау бойынша жұмыс жарияланған айлықтың шеңберінде жалғасатын болады.

Сенбілікті өткізу барысы аудандық «Аймақ ажары» және «Огни села» газеттерінің жақын арадағы нөмірінде жарияланады.       

 

 

 

«Успен ауданының ТКШ,

ЖК ж АЖ бөлімі» ММ

басшысының м.а.                                                               Е. Незнамова

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp