Аудандық «Жеті жұрттың тілін біл» конкурсы өз мәресіне жетті

20.09.2018

2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру «Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Ұлт көшбасшысының көреген саясатын ауылдық жерлерде одан әрі жетілдіру, жас ұрпақтың замани білім алуына қолдау көрсету негізінде аудан мектептері арасында 2018 жылдың 19 қыркүйек күні «Балдырған» балалар эстемткалық орталығының базасында «Жеті жұрттың тілін біл» конкурсы ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар шетелдік ақындардың өлеңдерін, әндерін орындады. Мектеп бағдарламасына енбейтін өлеңдерді, әндерді ағылшын немесе неміс  тілінде орындай алады.

Байқау шарттарына сәйкес конкурс екі бағытта өтті:

Бірінші бағыт «Көркем сөз» мәнерлеп оқу конкурсы; екінші бағыт «Тамылжытып ән салса...» музыкалық шығармышылық конкурсы.

Конкурсқа (оқыту тілі қазақ және орыс мектебінің)  1-10 сынып оқушылары арасында  8 мектептен 25 қатысушы қатысты.

Конкурс соңында жеңімпаздар анықталды. Бірінші бағытта:  1-4 сыныптар арасында жеңімпаз Арынова Адель (№2 Успен мектебі), 5-7 сыныптар арасында жеңімпаз Кенжеахмет Ғали (Қозыкеткен мектебі).

Екінші бағытта: 1-4 сыныптар арасында жеңімпаз 3 сынып оқушылары -  Ковалева Инна, Богданович Александра, Абрахманова Альбина, Сихварт Вероника (№2 Успен мектебінің вокальдық тобы); 5-7 сынып оқушылары арасында Руденко Егор (№2 Успен мектебі); 8-11 сыныптар арасында жеңімпаз жоқ.

Конкурсқа қатысушылар білім бөлімінің мадақтамалары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp