« Денсаулық фестивалі -2018»

11.09.2018

2018 жылдың 8 қыркүйек күні Успен ауылының орталық стадионында “Биік белесті бағындыр” ұранымен жыл сайынғы  “Денсаулық фестивалі” өтті. Аталмыш шараға аудан орталығының үш мектебінің , агро техникалық колледждің мұғалімдері мен оқушылары және аудан мекемелерінің ұжымдары қатысты.  « Денсаулық фестивалі -2018» салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Дисюпова А.А. және Успен орталық ауруханасының салауатты өмір салты координаторы Бейсембаева Л.Ж. құттықтау сөз сөйледі, жарыстың бас төрешісі Сабабаев Н.Б. жарыстың өткізілу тәртібі мен төрешілерді таныстырды: Байбулов А.К, Жуков Ю.Ф, Пилягин С.В, Такиш Н.Б, Калыков А.Н, Нургалиев С.Б, Бут А.А. Өз денсаулығын тексерем деушілерге Успен орталық ауруханасы ұжымы “Денсаулық” бұрышын ұйымдастырды. Фестиваль қатысушылары әр түрлі жастағы топтарға бөлініп, 60,100,800  м қашықтықта жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, қыздар денені жерден жылдамдыққа минутына көтеру, ер балалар биік кермеде тартылудан жарысты. Нәтижелер әрбір қатысушының жарыс бағдарламасының 4 түрі бойынша нәтижелер жиынтығымен қорытындыланды. Сонымен, 11-13 жастағы қыздар арасында үшінші орында Могильная Ю., екінші орында Ельгундинова Г., және жеңімпаз болып Манжос В. атанды. Осы жас санатында ер балалар арасында үшінші орында Куликов А., екінші орында Головков Д., және жеңімпаз болып Омирбай Д. атанды. 14-15 жастағы қыздар арасында үшінші орында Ережепова Ж., екінші орында Бондаренко Р., және жеңімпаз болып Манжос Е. атанды. Осы жас санатында ер балалар арасында үшінші орында Берш М., екінші орында Придатко М., және жеңімпаз болып Жанузаков Ж. атанды. 16-17 жастағы қыздар арасында үшінші орында  Бакытбеккызы Ф., екінші орында Бахытбекова У., және жеңімпаз болып Кулумбаева Д. атанды. Осы жас санатында ер балалар арасында үшінші орында Тивоняк В., екінші орында Базарбай А., және жеңімпаз болып Зейнулла Т. атанды. 18 жас және жоғары ересектер арасында жүлделі орындарды Бердымурат С, Есенбаев К, Жумабаева Г, Аубакирова Г, Камилов А, Сатыбалдинов Е, Мусалимов Д  иеленді, барлығы да №3 УЖОМ, Байханова Д- аудандық мәслихат, Абилов Н, Калыков С, Садвакасов С-  агро-техникалық колледж, Леонтьева Л- « Балдырган» БЭО.  Денсаулық фестивалінің жабылу салтанатында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан мадақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ауданның барлық ауылдары мен ауылдық округтерінде де денсаулық фестивальдары өткізілді.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp