ҚР Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс

29.08.2018

Мемлекеттік мереке қарсаңында 2018 жылғы 28 тамыз күні Успен ауылының аудандық Мәдениет үйінде ҚР Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік іс-шараға аудан мекемелері мен ұйымдарының басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жұртшылық өкілдері, тұрғындар және т.б. жиналды.

Аудан басшылығының атынан аудан әкімінің орынбасары А. Дисюпова қатысушыларды және ауданның барлық тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады, еліміздің гүлденуі мен дамуы үшін еңбекте бейбітшілік, амандық және жетістік тіледі.

Салтанатты жағдайда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін және ҚР Конституция күнін мерекелеуге орай аудан әкімінің мадақтамаларымен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Ауданның тұрғындарына музыкалық құттықтауларды Качир, ал қазір Тереңкөл ауданының аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымның әртістері сыйлады.

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp