Мемлекеттік тілде топ ашылды

29.08.2018

2018 жылғы 28 тамыз күні  «2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерді қазақ тілінде білім және тәрбие беруге кезең-кезеңімен көшіру» жоспарын іске асыру аясында және ҚР Конституция күні мерекесі қарсаңында Успен ауданының Тимирязев мектебі жанындағы шағын орталықта мемлекеттік тілдегі «Бота» шағын орталығының салтанатты ашылуы өтті. Топқа 10 тәрбиеленуші қабылданды.

Бұл іс-шараға Успен ауданы білім бөлімінің басшысы Е.У. Инербаев, Белоусов ауылдық округінің әкімі Д.М. Аспанов, округ депутаты                      С.Ш. Елгонденов, тәрбиеленушілердің ата-аналары және ауыл тұрғындары қатысты. Қонақтар назарына ересектер тобының тәрбиеленушілері (тәрбиешілері С.А. Эннс және Г.Ф. Тыштыкова)  би билеп, ән және өлең айтып өнерлерін көрсетті. Лентаны кесу құрметі білім бөлімінің басшысы Е.У. Инербаев және Белоусов ауылдық округінің әкімі Д.М. Аспановқа берілді.

Іс-шараға қадірлі қонақтар шағын орталықтың тәрбиеленушілерінің балаларға базарлық сыйын тарту етті. 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp