«Отбасылық оқу, оның баланы тәрбиелеудегі рөлі туралы» кітапханалық лекторий
06.09.2018
6 қыркүйек Успен ауданының аудандық кітапханасы қызметкерлерімен Успен ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Ашық есік күні» шеңберінде Отбасы күніне арналған шара өткізілді. Шара психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне келуші балалар және ата-аналар, педагогтар үшін өтті. Отбасылық оқу-бұл кітап әлеміне балаларды тартудың басты жолы.
Аталмыш шараның мақсаты балалар мен ата-аналарды бірлескен оқуға тарту. Шараның міндеттері: баланы тәрбиелеу және оқу арасындағы байланысты белгілеу; Бала тұлғасының дамуында үйде оқудың маңызы туралы түсінік беру; Отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту; Балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту