2018 жылдың 30 тамызында Лозов ауылында екі жыл бойы қатарынан Успен ауданының спорт бөлімі мен Лозов ауылдық округінің әкімі аппаратымен, интернационалист жауынгер Виктор Михайлович Потипаканы еске алуға арналған шағын футболдан аудандық турнир өткізілді

03.09.2018

2018 жылдың 30 тамызында Лозов ауылында екі жыл бойы қатарынан Успен ауданының спорт бөлімі мен Лозов ауылдық округінің әкімі аппаратымен, интернационалист жауынгер Виктор Михайлович Потипаканы еске алуға арналған шағын футболдан аудандық турнир өткізілді, оған Успен ауданының 7 командасы қатысты. Лозов ауылдық округі әкімі Б. Баймулдинов пен Успен аудандық мәслихатының депутаты М. Тауасқан құттықтау сөздерін айтты. Табан тірескен күресте Успен ауылының командасы 1 орынға ие болды, ол көшпелі кубокты өзімен алып кетті. Лозов ауылының командасы екінші орынға және үшінші орынға Қаратай ауылының командасы ие болды. Сондай ақ, «Турнирдің үздік қақпашысы», «Турнирдің үздік шабуылшысы», «Турнирдің үздік қорғаушысы» номинацияларында жеңімпаздар анықталды. Барлық жүлдегерлер мен номинанттар грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. В.М. Потипаканың туыстары турнирдің барлық қатысушыларына ыстық тамақты ұйымдастырды.

Жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер А. Бижанов

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp