ҚР Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Галицк ауылында Коворкинг-орталығының ашылуы

03.09.2018

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Галицк ауылының ауылдық кітапханасында Коворкинг-орталығы ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Есеркепов, аудандық мәслихаттың хатшысы Р.К. Бечелова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Ш. Елгонденов, «Галицкое» ЖШС директоры А.А. Касицын, ауыл тұрғындары қатысты.

Коворкинг-орталығы – бұл Президенттің «Рухани жаңғыру-қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының жобасы, оны жүзеге асыруда демеушілік көмекті А.А. Касицын көрсетті.

Жаңа Коворкинг-орталығында бірнеше аймақ жұмыс істейді:

Wi-fi аймағы – онда келушілер жайлы жағдайда тегін, сымсыз интернетке қол жеткізе алады.

Релаксация аймағы – демалыс бұрышы, онда көкейтесті мәселелерден көңіл бөлуге, қызықты кітап немесе журнал оқуға, өз гаджетін немесе теледидарды қарауға болады.

Кофе аймағы – мұнда бір шыны хош иісті шай немесе кофе ішуге болады.

Ресепшн аймағы – онда сізді ақ пейілді кітапханашы қарсы алып, қызықты журнал немесе кітап таңдауға көмектеседі.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp