Успен ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы «Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

03.09.2018

Жоба

 

 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, Успен ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы « Успен ауданында сайлау учаскелерін құру туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда аудандық «Апта айнасы» - «Сельские будни» газеттерінде, 2014 жылғы 26 наурызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) № 3 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 412 сайлау учаскесінде «Школьная» сөзі «Ыбырай Алтынсарин» сөзіне ауыстырылсын;

№ 419 сайлау учаскесінде «Молодежная» сөзі «Наукенов» сөзіне, «8 Марта» цифрасы мен сөзі «Яременко» сөзіне ауыстырылсын;

№ 420 сайлау учаскесінде «Советов» сөзі «Тәуелсіздікке 25 жыл» сөздері мен цифрларына ауыстырылсын;

№ 427 сайлау учаскесінде «Степная көшесі 17, бастауыш мектебінің ғимараты» сөздері мен цифралары «Мира көшесі, ауылдық клубының ғимараты» сөздеріне ауыстырылсын;

№ 434 сайлау учаскесінде «Молодежная» сөзі «Наукенов» сөзіне ауыстырылсын;

№ 579 сайлау учаскесінде «Турксибская» сөзі «Астана» сөзіне, «Молодежная» сөзі «Жастар» сөзіне ауыстырылсын;

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В.П. Курсаковаға жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                Б. Қасенов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Успен аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы

2018 жылғы «____» қыркүйек

«___» сентября 2018 года

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp