Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

03.09.2018

Жоба

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі қорытындысы негізінде, Лозов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылында келесі көшелері:

«Советская» көшесі «Береке» көшесі болып;

«Октябрьская» көшесі  «Жастар» көшесі болып;

«Пирогов» көшесі «Достық» көшесі болып;

«Садовая» көшесі «Отан» көшесі болып;

«Репин» көшесі «Бірлік» көшесі болып;

«Победа» көшесі «Жеңіс» көшесі болып қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лозов ауылдық

округінің әкімі                                                         Б. Баймулдинов

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp