Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығын хабарлайды.

15.08.2018

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасының екінші бағыты аясында Павлодар облысының  аудандарында, қалада және моноқаларарда «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады: Ақтоғай,  Қашыр, Железинка,Аққу, Май,Шарбақты, Успен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз.

Кәсіпкер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бесінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтініштерді қабылдау жүргізеді. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың, халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан, жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтаған туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды Өңірлік кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. Тестілеу 2018 жылғы 14-ші  қыркүйек күні өткізіледі.Оқу 2018 жылдың 20-ші қыркүйек күні басталады.

ӨКП филиалдарының мекенжайлары:

Успен а., Семенченко к-сі.,29. тел 87183491976

Өтініштерді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5511,5517.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp