КӘСІПКЕР УСПЕН АУДАНЫНДА БАСПАХАНА АШТЫ

30.07.2018

Жеке кәсіпті қалай бастау керек? Бұл сауал бизнес-идеяны жүзеге асырғысы келген жанның бәрін ойландырады. Оның қатарында кәсіпкерлікке енді қадам басқан Гүлнар Нұрмұхамбетова да бар.

Гүлнар кәсіпкерлер палатасының Успен аудандық филиалына жүгініп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, бизнес ашуға қатысты ақпарат алды.

2018 жылдың ақпанында кәсіпкер баспахана өнімдерін дайындауды қолға алған. Бұл саланың кәсіби маманы болғандықтан да таңдады.  

Көпшіл, мақсатшыл, жауапты тұлға ретінде қалыптасқан Гүлнар Нұрмұхамбетова Успен аудандық Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болды. Мемлекеттік органдарда да жұмыс тәжірибесі бар. «Жас талап» қоғамдық жастар бірлестігінің төрайымы.

«Жастар саясатына қатысуға шақырамын. Жетістікке жету үшін әрдайым жетілу керек. Жаңа нәрсені үйреніп, өзін-өзі дамытумен айналысып, жаңа кәсіп түрін меңгеруге ұмтылу керек», – дейді жас кәсіпкер.

Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері «Іскерлік байланыс» жобасы арқылы оқуға кеңес берген. Бұл білім де кәсіпкерлік саладағы дәрежесін арттыратынына сенімді.

«Мен сызбасын дайындап, баннер, әсемхат, шақыру билеттерін жасаумен әрі басумен айналысамын. Бизнесті ең алдымен тұрақты табыс табу үшін, жеке тұлға ретінде қалыптасу, ұнайтын ісіммен айналысу үшін аштым», – дейді кәсіпкер.

Гүлнар мемлекеттік сатып алулардың қатысушысы, байқауларға қатысуды да қолға алған. Қызмет көсрету салаларында білім арттыруға, жаңа бизнес-идея іздеуге құштар.

«Айтарлықтай үлкен жетістік жоқ. Бірақ бизнесімнің алғашқы табысы бар. Жеке кәсіпкерліктің екінші бағыты бойынша жұмысты бастамақпын. Шатыр, терезе ауыстыру, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алғым келеді. Жетістікпен тоқтап қалмау қағидатын ұстанамын. Кәсіпкерлер палатасына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Заңгерлік, салық, есеп дайындау мәселелерінде кеңес берді», – дейді Гүлнар Нұрмұхамбетова.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp