УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ (VI сайланған _________ сессиясы)

12.04.2018

жоба

УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

(VI сайланған _________ сессиясы)

 

Успен селосы                                  № _____             2018 жылғы

 

 

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірынғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, 709-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық                               мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын. 

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

3. Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірынғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 12/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5105 болып тіркелген,  2016 жылғы 12 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 14 мамырдағы № 19 «Аймақ ажары» және «Огни села» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2 тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

    

Сессия төрағасы                 

                                          

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                  

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp