Ардагерлер үнемі қатарда

10.05.2018

Борис Васильевич Болтовский 1962 жылы 1 қаңтарда Семипалантинск облысы, Новониколаевка ауылында дүниеге келді. 1997 жылы мектепті бітіріп, Новопокров ауылшаруашылық техникумына оқуға түседі. 1981 жылы сол техникумды тәмамдап, Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. Отан алдындағы борышын Забайкалск әскери округінің Магоча қаласында десант әскері қатарында өтеді. Әскери қызметін аяқтағаннан кейін Башкульский ауылдық зонасында жөндеу және қамтамасыз ету бойынша экономист қызметін атқарған. 1995 жылы ішкі істер органдарына қызметке кірді. Өрттен қорғау инспекторы болып қызмет атқарып, 2000 жылдың ақпан айынан 2008 жылы зейнетке шыққанға дейін Успен ауылының 24 өрт бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Адал қызметі үшін аудан және облыс әкімімінен алғыс хаттармен, медальдармен, мадақтау қағаздарымен бірнеше мәрте марапатталған. Борис Васильевич 1986 жылы шаңырақ көтерді, жұбайы - Елена Яновнамен бір ұл, бір қыз тәрбиеледі. Қыздары – Яна Тюмень мұнай – газ университетінің түлегі, ұлдары – Василий Павлодар қаласының басқарма колледжін тәмәмдаған.

Сонымен 2018 жылғы 03 мамырда 24 ӨСБ азаматтық қорғау органдарының ардагері Борис Василиұлы Болтовскимен жеке құраммен «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды» тақырыбында дөңгелек үстел кездесуі ұйымдастырылды. Борис Васильевич зейнетке шыққанына қарамастан, әр – түрлі мерекелерге, кеңестерге, ант қабылдауларына, қоғамдық өмірге белсене қатысып, жастарға өз тәжірибесі мен білгенімен бөліседі. Ардагерлер – бұл патриоттық сезімді тәрбиелеу мен жас ұрпақ бойына сіңірудің негізі. Олар - біздің тарихымыз бен болашағымызды байланыстыратын алтын көпір.

Кездесу аяғында 24–ӨСБ жеке құрамы кездесу үшін ардагерге алғыстарын білдірді, келе жатқан Отан қорғаушылар Күнімен және Жеңіс Күнімен құттықтады, өзіне және жақындарына зор денсаулық, жақсылықты тіледі.

 

24 - ӨСБ бөлімше командирі

Азаматтық қорғау прапорщигі       

Е.Ж. Уақпаев

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp