БНАЖ арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

05.05.2018

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiлед. Нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi. Содан кейін жылжымайтын мүлікті сатып алушыны құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді.

Құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері электрондық чек түрінде сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

Тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді. Содан кейін ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді.

     

 

Успен  аудандық әділет басқармасының

басшысы, «ҚЗО» РҚБ Павлодарлық

филиалының мүшесі  А.И.Ережепов

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp