Достық кемпірқосағы

05.05.2018

Ең басты әрі нұр шашқан мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Ольгин ауылының тұрғындары осы мерекені кең ауқымды тойлады. Қоңырсалқын күнге қарамастан, ауылдық барлық тұрғындары МҮ ғимаратында мерекені өткізу үшін жиналды. Залда ұлттық тағамдары бар үстелдер жайылды: неміс (Герцен жәнеЖангазиновтаротбасы), орыс (зейнеткерлер), қазақ (этноқазақ әйелдерінің ұжымы), өзбек (Н.Ф.Каиркулова), қытай (ҚадылМадина).

Мереке «Бір бірімізді білейік, бірімізден біріміз білейік» ұранымен өтті.

Ұлттық тағамдарды дайындаған бикештер өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы айтты.

«Вдохновение» вокалды тобы (зейнеткерлер) «Течетручей» әнін керемет орындап берді.«Дастархан» әні әсем орындалды. Көрермендер неміс полькасын(ЭдинаЖангазиноважәне Дарья Маскова), «Буратино» балалар би тобының мың бұралған өзбек биін қызығушылықпен көрді. «Тұлпар» би тобы польканы орындады.

Мереке соңында барлық қонақтар біздің бикештердің ұлттық тағамдарынан дәм тартты. «Ең үздік ұлттық тағам» конкурсын өткізгенде – достық жеңді.

Барлық құттықтаулар қазақ, орыс, өзбек, неміс, қытай тілдерінде айтылды. Бұл, біздің ауылдың тұрғындары «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен өмір сүретініне көз жеткізді. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp