«Сарбаз конверті»

02.05.2018

2018 жылдың 27 сәуірі аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушысы Күні және Жеңіс Күні, Астананың 20-жылдығын тойлаудың шеңберінде, әскери-патриоттық әндерді танымал ету, көркем өнер ұжымдарын біріктіру және достықты нығайту, барлық ұрпақтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын және сезімін тәрбиелеу, ұлтаралық келісім және рухани бірлік идеясын тарату, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында «Сарбаз конверті» патриоттық әндер аудандық байқауы өтті.

Қатысушылар 2 туынды орындады (1патриоттық туынды және 1 әскери тақырыптағы туынды). Конкурстың тақырыбы өзіне Отан туралы әндерді, тарихтың батырлық беттері және қарулы күштер туралы, интернационалист-сарбаздар туралы, Ұлы Отан соғысы туралы заманауи әндер және әскери жылдар әндерін қамтыды.

Байқауға ауданның клубтық мекемелерінің көркем өнер қатысушылары және шығармашылық ұжымдары, мектеп мұғалімдері және оқушыларынан тұратын 26 астам ұжым қатысты.

Байқаудың барлық жеңімпаздары және қатысушылары мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp