Құрметті жас жігіттер мен қыздар!

06.04.2018

Павлодар облысының прокуратурасы прокуратура органдарына қызметке түскісі келетін жоғары заңгерлік білімі бар үміткерлер арасында алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізуде.

Алдын ала іріктеу келесі кезеңдерден тұрады (құқық қорғау қызметіне алғаш рет орналасатын үміткерлер үшін):

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуінен өту қажет;

- құжаттарды прокуратураның кадрлар қызметіне тапсыру қажет

 

(өтініш, жеке куәлік көшірмесі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тестілеуден өткені туралы сертификат);

- прокуратурада заңнаманы білуге арналған тестілеу;

- медициналық және психофизиологиялық куәландыру, соның

 

ішінде қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияның полиграфологиялық зерттеуі;

- ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тескеріс.

 

Үміткерлерді алдын ала іріктеу конкурс жариялаусыз тұрақты негізде жүргізіледі.

Алдын ала іріктеуден өткен тұлғалар прокуратура органдары

қызметкерлерінің бос лауазымдарына арналған конкурсқа қатыса алады.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Павлодар облыс прокуратурасының кадрлар қызметіне 31-50-80; 31-51-18; 31-51-10 телефондары және Лермонтов көшесі 3 мекенжайы бойынша жүгінуіне болады.

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp