Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерле

15.02.2018

ЖОБА

Успен аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VI сайланған, _______ сессиясы)

Успен ауылы                                     №                                    2018 жылғы

 

Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 12/2 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы шешімінің жобасы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 13/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 5105 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырдағы аудандық «Аймақ ажары», «Огни села» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

2. «Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 509 - бабының 5 - тармағына және 704 - бабының 3 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 - тармағына 13) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

аталған шешімнің 2- тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

 «2-1) Осы шешімнің 2 – тармақтын қолданыс мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                        

Мәслихат хатшысы                                  

 

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp