Құқық сақтау қызметінің процессуалды негіздері

07.12.2017

Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына жатқызатын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша 5 институционалды реформасын іске асыру бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында, қылмыс заңдылығын модернизациялау және мемлекеттік сот қызметінің материалдық-техникалық, ұйымдастыру - кадрлық, құқық қолдану және де басқа негіздерін жетілдіру бойынша едәуір жұмыс атқарылды.

Қазіргі кезде ҚР Мәжіліс Парламентімен қылмыстық құдалау саласын халықаралық талаптарға сәйкес модернизациялау бойынша кезекті кезеңі қарастырылуда.

Осыған орай, шетел эксперттердің нұсқаулықтары мен халықаралық заңдылықтарын зерттеу нәтижесінде, қылмыстық процесті жетілдіру негізінде бес бағыт бойынша шаралар құрастырылды:

 1)адамның құқық қорғау деңгейін күшейту және қылмыс процесінің қағындылығын төмендету;

2) екі жақ бәсекелестігін адвокаттардың процессуалдық мүмкіндігін кеңейту арқылы жоғарлату;

3) тергеу процедурасын жеңілдету және процестің үнемділігін қамту;

4) сот бақылауын кеңейту;

5) қайта жарысуды болдыртпау, тергеу, прокуратура және сот органдары арасында құзыреттілікті нақты жүктеу.

Тиісті Заң жобасы адамдар үшін манызды мәселелерді қозғайды. 8 манызды жағдайды қарастырады.

1. Қамау мерзімі 72 сағаттан, 48 сағатқа қысқартылды, егер кәмелетке толмаған болса 24 сағат. 48 сағат-ол дамыған елдердің халықаралық стандарты.

72 сағат ауыр қылмыс жағдайларда сақталады:

1) аса ауыр қылмыстар;

2) террористік және экстремистік қылмыстар;

3) жаппай бассыздық;

4) қылмыстық топтар;

5) заңсыз есірткі айналымы, кәмелетсіздердің жыныстық дербестігі, өлімге апарған қасақана әрекет.

2. Модернизациялау аясында Германия тәжірибесін ескеріп, сотқа дейінгі органдары жеке тұлғаларға қатысты жариясыз өткізілген тергеу әрекеттері туралы міндетті ескерту мәселесі қарастырылуда. Оның негізі тергеудің нәтижесіне қарамастан, әр азаматқа жариясыз өткізілген тергеу туралы міндетті түрде хабардар етеді.

3. Экономикалық қылмыстар бойынша қамауға алынбайды. Олар адам өміріне қауіп тұғызбайды. Бірақ, ол рейдерлікке, жасанды ақша жасауға, контрабандаға, қаржы пирамидаларға және ұйымдасқан қылмыс топтарға тарамайды.

Және де, заң актісінен Кодекске, егер салық тексерістің актісі немесе келісім жасанды және алдамшы деген сот шешімі болмаса, тергеу бастауға рұқсат еткізбейтін нормасы енгізілді.

4. Прокуратурадан сотқа санкцияландыруды ауыстыру. Ол кепіл, куәлендіру, үлгілерді алу және басқа жариясыз тергеу әрекеттері.

Тәртіп те оңайландырылды. Тергеушінің санкция қолдаухаты тікелей сотқа прокурорсыз жіберіледі. Оны тек ескертеді, егер прокурор келіспеген жағдайда, ол өз көзқарасын сотқа ұсынады. Прокурормен тек 3 санкция ұсынылады-қамауға алу, үй және экстрадициялау қамауы. Олар адамдар үшін ең сезімтал.

Нәтижесінде соттан басқа органдар адам құқығын шектей алмайды.

5. Адвокаттарға дәйекті жинау құқығын кеңейітіп, тиісті тергеу жұмыстарын өткізуге сотқа қолдаухатпен жүгінуге жағдай жасайтын механизмдер қарастырылды.

6. Нақты және шамалы қылмыстар және қылмыстық қылықтар бойынша тергеуді және бұйрықты іс-жүргізуді ескеріп оңайландыру. Негізгі мақсаты– ауыр емес қылмыстар мен қылмыстық қылықтар бойынша тергеулердің қарастыруын дәлелсіз қиындату және әурешілікке салу процестерін жою.

7. Электронды қылмыс істерді жүргізу. Ол барлық қылмыс процесін - қылмысты тіркеуді, сотқа дейінгі тергеуді сотқа дейінгі қарастыруды және орындау нәтижесін қамтиды. Барлық процесс айқын болады.

8. «Жедел –іздеу қызметі туралы» Заңы бойынша түзетулер блогі бар. Қазір арнайы іздеу шараларды барлық қылмыстар бойынша өткізуге болады.

Успен ауданының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp