2017 жылы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

04.12.2017

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы бағдарламаны іске асыру барысында елді мекендерге мамандар келе бастады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға бір жолғы көтерме жәрдемақы түрінде бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін әлеуметтік қолдау шараларының көлемі, сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға арналған 15 (он бес) жыл мерзімге жылдық 0,01 % мөлшеріндегі сыйақы ставкасымен жеңілдетілген кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларының көлемі белгіленді.

Осы шараларды жүзеге асыру ауылдық елді мекендерге әлеуметтік сала мамандарының тұрақтану мәселесін шешуге мүмкіндік береді және ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызмет сапасын жақсартады. Бағдарламаны жүзеге асыруға жаңадан диплом алған оқу орындарының түлектері ғана емес, ауылға жұмыс істеу және түру үшін келген жұмыс өтілдері бар мамандар да қатысты.

2017 жылы 16 әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде 2541,2 мың теңге сомасына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылды, соның ішінде:

Білім саласында 11 маман 1 747,1 мың теңге сомасына;

Денсаулық сақтау саласында 1 маман 158,8 мың теңге сомасына;

Агроөнеркәсіптік кешен саласында (ветеринария) 4 маман 635,3 мың теңге сомасына;

2017 жылы тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік саланың 11 маманына 37 284,8 мың теңге сомасына бюджеттік несие берілді

Білім беру саласында 4 маман 13 614,0 мың теңге сомасына;

Денсаулық сақтау саласында 2 маман 6 653,3 мың теңге сомасына;

Спорт саласында 1 маман 3 403,5 мың теңге сомасына;

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3 маман 10 210,5 мың теңге сомасына;

Мәдениет саласында 1 маман 3 403,5 мың теңге сомасына.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp