Құрметті аудан тұрғындары!

09.11.2017

Аудан прокуратурасы мүгедектердің және де мүгедек балалардың құқығы мен бостандығын сақтау мәселесінің асырылуы бойынша (кепілдеген тегін дәрілерін және жәрдемақыларын алу, арнайы тифлотехникалық құралдарының қол жетімдігі, білім алу, әртүрлі спорт және басқа шараларына  қол жетімдігі, т.б.) және де сол мәселе бойынша туындаған проблемаларына сараптама жүргізеді.

 Осыған орай, 2017 жылғы 13 қарашада сағат 11.00-де аудан прокуратурасы аудандық «НұрОтан» партиясының филиалымен бірлесе, партия филиалының ғимаратында проблемалық немесе айқынды мәселелер бойынша мүгедектермен немесе олардың қамқоршыларымен кездесу өткізеді.

Егер, келуге мүмкіндік болмаған жағдайда, тиісті мәселелер туралы ақпаратты (мүгедектердің құқығын бұзу фактілері, жиі кездесетін проблемалары, және де шешімге келетін өз ұсыныстары мен көзқарастары) 7183403@prokuror.kz.  электронды пошта арқылы жібере алады.

Ақпаратта мүгедектің(немесе қамқоршысы туралы) толық аты-жөні, мүгедектік тобы, диагнозы, мекенжайы, тиісті проблемасы, құқық бұзу мәселесі туралы мәлімет болу қажет.

Келесіге назар аударуды сұраймыз, барлық ақпарат құпиялы түрде алынады, ол тек қана сараптама жүргізуге қолданылады, сондықтан «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге және қарастыруға жатпайды.

Сонымен қатар, сараптама кезінде заңдылықты бұзу фактілері анықталса, прокурорлық бақылау актілерінде көрсетіліп, тиісті шара қолдану үшін жергілікті атқарушы органдарына ұсынылады.

Успен ауданының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp