Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

17.10.2017

Успен ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты орыс тілді азаматтарға арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Досмахамбет Қалмаханұлы Көшім, терминология және ономастика бөлімінің аға қызметкері С.Н.Кәрімов, әкімшілік - ұйымдастыру бөлімінің қоғаммен байланыс менеджері Б.А. Ұзақбаев, «Ертіс дидары» Павлодар облыстық газетінің редакторы, Павлодар облысы Жазушылар одағы филиалының директоры А.Б. Қани, Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Б.Қ. Қайыр қатысып, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Досмахамбет Қалмаханұлы мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы, қоғамдағы орны мен рөлі, латын графикасына көшу мәселесі мен тарихы, ономастика туралы тартымды әңгіме өрбітті. Еліміздегі және шет елдердегі тәжірибені салыстыра отырып, мысалдар келтірді.

Дөңгелек үстелге әр бір ауылдың жергілікті қоғамдастық мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері, аудан жастары шақырылды. Шараға 60 адам қатысты.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp