С.И. Шкоданы еске алуға арналған турнир

10.10.2017

БЖСМ спорттық манежінде С.И. Шкоданы еске алуға арналған шағын футбол бойынша 21-ші дәстүрлі аудандық  ашық турнир өтті. Турнирдің ашылуында сегіз команда қатысушылары мен көрермендердің алдында дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. В.А. Пилягин, спорт ардагері В.И. Курсаков құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін  екі топшада айналма жүйе бойынша ойындар басталды. Барлық өткізілген ойын нәтижесі бойынша турнирдің үздік командалары анықталды. Қоңырөзек а/о командасы 4-ші орынды, Павлодар қаласынан келген команда жүлделі 3-ші орынды, Равнополь а/о командасы 2-ші орынды еншісіне байлап, ойын жеңімпазы Успен ауылының «Ардагер» командасы атанды. Ардагерлер командасының құрамы: С.Садвакасов, Е.Байгужинов, Ю.Курсаков, М.Тауасқан, С.Мускенов, Д.Теміржанов, М.Құрманалинов, А.Тулебаев. Жарыстың салтанатты жабылуында жүлдегерлер мен жеңімпазға Шкода отбасысынан  ауыспалы кубок, грамоталар мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Төрешілер алқасы номинациялар бойынша келесі қатысушыларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады: Константинов ауылынан үздік қақпашы - Д.Шариден, үздік қорғаушы -  О.Галимов; Таволжан ауылынан үздік шабуылшы – Н.Вольф, Қоңырөзек ауылынан үздік ойыншы Ч.Каиров. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp