ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану бойынша брифинг өткізілді

06.10.2017

Успен аудандық сотының төрайымы Г.Мухаметкалиева ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану барысы туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы екендігі белгіленген. Аталған норманы негізінен судьялар құқық бұзушының құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы, өзінің жасаған әрекетіне өкінуі, отбасының жалғыз асыраушысы, денсаулық жағдайына байланысты қолданылған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес қаралған істер бойынша 26 адамға әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған. Тағайындалған айыппұлдардың 4 140 675 теңгесі құқық бұзушылармен сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін өз еріктерімен төленгенін атап көрсетті. Брифинг соңында тақырып аясында қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

 Успен аудандык сотының баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp