Успен аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

06.10.2017

Успен аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатында сот төрайымы Г.Мухаметкалиева 2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 470 іс қаралған, оның ішінде 21 қылмыстық іс, 245 азаматтық іс және 204 әкімшілік істер. Қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188 бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстар, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті. Бұдан соң сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге және «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды.

Сот төрағасы сондай-ақ, медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен іске қосылған даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері туралы, оны іске асыру тәртібі туралы және осы пилоттық жоба аясында қаралған азаматтық істер бойынша мәлімет берді.

Журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Шара соңында сот төрайымы Г.Мухаметкалиева БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатына қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Успен аудандық сотының баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp