«Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы

03.10.2017

74 тармағы бойынша. Қажетіне қарай тірек елді мекендерде мамандар үшін жыл сайын 2 пәтерлі тұрғын үй салу. . Успен ауылының құрылысы бойынша «Рахат» ЖШС шатырды қаптау жұмысын жүргізуде. Лозовое с. бойынша әлеуетті инвестор ЖК Буринов үй қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

 102-тармақ бойынша: 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында, оның ішінде қалаларда кепілдіктер беру бойынша берілетін микрокредиттер беруде кемінде 20 жобаны қолдау.

 Екінші бағыт шеңберінде 55832,0 мың теңге сомасында кредит беру жоспарланған, оның ішінде «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 33000,0 мың теңге және «Ажболат» ЖШС КС арқылы 22832,0 мың теңге. «АШҚҚҚ» АҚ 11 қатысушы кредит алды, соның ішінде 7 ашылуға және 4 кеңейтуге. берілді, 29500,0 мың теңге сомасына.

«Ажболат» «Кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы арқылы 3 қатысушы кредит алды, соның ішінде 1 ашуға және 2 кеңейтуге. Өз ісін ашуға кредит алатын 8 қатысушыдан адам «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінің курсынан өтті. 2016 жылы 1 қатысушы кәсіпкерлік негізінің курсынан өткен.

 103 тармақ бойынша: Облыс бойынша 12,5 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орындарын құру. Облыс әкімі мен аудан әкімі арасында жасалған меморандумға сәйкес, 2017 жылы 390 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде тұрақты жұмыс орнының үлесі 35,1 % кем болмауы тиіс. Ағымдағы күн жағдайы бойынша 390 жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты 141 (44,9 %), ең саны көп тұрақты жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында құрылды -83.

 104 тармақ бойынша: 2017 жылы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде мына жолдармен: жастар тәжірибесіне жіберу – 538 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 1443 адам, жұмыс берушілердің бос орындарына тікелей жұмысқа орналастыру – 9195 адам. Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындарына тракторист, жүргізуші, автослесарь, сатушы, тігінші, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 91 жұмыссыз адам жіберілді.

 Әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жалақының бөлігін субсидиялауға республикалық бюджеттен қаржыландыру бір жылға 10582,0 мың теңгені құрады, 01.09.2017 жылы бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 6782,0 мың теңге бөлінген, 6782,0 мың теңге игерілген немесе 100%. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру сомасы 6169,0 мың теңгені құрады, 01.09.2017 жылы бойынша 3203,0 мың теңгені құрады, 3203,0 мың теңге игерілді.

 Жастар тәжірибесіне оқуды соңғы үш жылда бітірген жоғары және орта арнаулы оқу орындары түлектерінің санынан 17 адам жіберу жоспарланып отыр. 01.09.2017 жылы 14 адам жіберілді, қыркүйек айында 7 адам жіберілетін болады. Жастар практикасын өту 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанына дейін. Қаржыландыру сомасы республикалық бюджеттен 5792,0 мың теңге. 01.09.2017 жылы 1755,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

107 тармақ бойынша. 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында еңбек күші артық өңірлерден жұмыс күшін жұмылдыру процестерін қолдау. Успен ауданына оралмандар мен Қазақстан Республикасының еңбек күші артық өңірлерінен 10 отбасын көшіріп алу.

 Шілде айының Маңғыстау облысынан екі отбасы көшіп келді, бір отбасы Успен ауылы, Терешкова көшесі, 24/2 үйде тіркелген. Отбасы құрамы 5 адам. Жұбайы - Урынбаева Жайна Болыспайқызы - ШЖҚ «Успен ОАА» КМК медбике болып жұмысқа орналастырылды. Күйеуі Жуманазаров Абай Қабылұлы – «Егімбай» ФШ жұмысшы болып орналастырылды.

 Екінші отбасы Қоңырөзек ауылына тіркелді, отбасы құрамы 2 адам. Тажигулов Асқар Бахтыбайұлы "Алдияр" ШҚ жүргізуші, Тажугулова Гүлшат Курбангазықызы "Алдияр" ШҚ жұмысқа орналастырылды.

Янгибаева Гулсира Уразбайқызы – отбасы басшысы, отбасы құрам – 7 адам, балалар – 5.Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылынан көшіп келді. Білімі орта арнаулы, аспаз. Успен ауданы, Константинов ауылында тұрады. Зайыбы Кулсариев Жалғас Кенжеұлы, білімі орта, жұмы істемейді, жеке аула шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр.

 Сомасы көшуге арналған субсидияны қаржыландыру сомасы 3983,0 мың теңге құрады, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге 5881,0 мың теңге.

 108 тармақ бойынша. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін реформалауға, және елді мекендердегі барлық бос жұмыс орындарының тиімді жұмыс істеуіне бірыңғай сандық онлайн-платформа құруға қатысу. 2017 жылы 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты, мемлекеттен тиісті аударымдарсыз сақтандыру полисін алу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санатынан жұмыссыздар санатына мақсатты түрде өтуінен жұмыссыз халық үлесінің ұлғаюы туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ХЖҚО электрондық цифрлық кезекті енгізу тапсырылды, осы хатқа сәйкес, электрондық кезек енгізу жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың санына байланысты болады, Министрлік сонымен қатар «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында ХЖҚО мамандарын орналастыру тапсырды. Қазіргі уақытта мәртебесі белгісіз азаматтардың санаттарын нақтылау бойынша жұмыс өткізілді және тіркелмеген жұмыссыздар санатына көшу қаупі бар азаматтардың санаттары белгіленді, тіркелмеген өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 807 адам, тіркелмеген жұмыссыздар саны 303 адам, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар 466 адам. Барлығы 1968 адам.

 Осы санаттардағы азаматтар ағымдағы жылы ХЖҚО өтініш берген жағдайда, күніне хабарласқандардың жалпы саны болады 10-15 адамды құрайтын болады, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ауданның ХЖҚО электрондық кезек енгізу орынсыз деп есептейміз.

 Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында ХЖҚО бір қызметкері бар, бұл жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тіркеу бойынша қосымша шаралар ретінде. Мемлекеттік корпорация мамандары «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына анықтама сұрап өтініш жасаған адамның мәртебесін анықтау кезінде қадамдық іс-әрекет алгоритмін зерделеу» тақырыбына семинар өткізді.

 119 тармақ бойынша. Егістік алқабын ұлғайту:

- арпа - 6,2 мың га;

 -сұлы - 3,5 мың га;

- майлы дақылдар - 17 мың га;

- азықтық дақылдар - 38,6 мың га.

Егіс көлемі 2017 жылы 204,06 мың га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 127,2 мың га;

майлы 27,215 мың га;

азықтық 49,04 мың га;

картоп 520 га;

көкөністер-40 га.

Сонымен қатар мынаны хабарлаймыз:

 ауданда жүгері егілмейді;

 арпа егу 12875,7 га құрады, өткен жылмен салыстырғанда ұлғаюы 23% - ға;

сұлы егу 3000,5 га құрады, бұл ұлғайту, өткен жылмен салыстырғанда 14, майлы дақылдар 27215,8 га құрады, өткен жылмен салыстырғанда азаюы 34,4%

қант қызылшасы ауданда өңделмейді.

 120 тармақ бойынша. 2017 жылы мал шаруашылығы өнімдері өндіріс көлемінің өсуі:

- сүт өнімдері 7 мың тонна;

- ет (тірі салмақта 1,5 мың тонна.

2017 жылғы 8 айда ет өндірісі 2930,5 мың тоннаны құрады (100,6%). Сүт 16 585,2 мың тонна (101,4%).

          123тармақ бойынша. Жаңарту немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 10-нан кем емес жаңа өндіріс құру. 2017 ж. мамыр айында "Галицкое" ЖШС күнбағыс майын өңдеу зауыты пайдалануға берілді. Зауыт қуаттылығы тәулігіне 12 тонна.

131 тармағы бойынша. Кемінде 182,6 мың га пайдаланылмайтын жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге тарту.

 9,8 мың га пайдаланылмаған жерлер конкурстық негізде ауыл шаруашылығы айналымына берілген, конкурстан тыс 2775,2 га.

156 тармақ бойынша. МЖӘ әлеуетті жобалар тізбесін қалыптастыру және жобаларды іріктеуді жүзеге асыру.

 Успен ауданында МЖӘ тетіктерін іске асыру шеңберінде Ковалевка с., екі тұрғын үй құрылысының жобасы жоспарланған, әлеуетті инвесторлар болып «БиК» ШҚ табылады.

 181 тармақ бойынша. Әлеуметтік - маңызды азық-түлік тауарлары бағасына ай сайын мониторинг жүргізу.

 Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл және ауылдық округтері әкімдерімен бірлесе отырып жергілікті жерлерде әлеуметтік - маңызды азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының облыс бойынша орташа бағалардан аспайтыны анықталған.

190 тармақ бойынша. Мемлекеттік қызметтің кадрлар құрамын дарынды және перспективалы мамандармен толықтыру үшін кадрларды іріктеу және жүйесін қолдана отырып, ерте іріктеу және мемлекеттік қорғаншылық меритократия қағидатын күшейту. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бес мемлекеттік қызметшілерді жоғарылату ұсынылды. Қазіргі уақытта аттестаттау комиссияларының үш мемлекеттік қызметшілерді жоғарылатуды ұсынған шешімдері іске асырылды. Жұмыс кезінде меритократия қағидатын күшейту, кадрларды іріктеу және жүйесін қолдана отырып, ерте іріктеу және мемлекеттік қорғаншылық дарынды және перспективалы, толықтыру үшін мемлекеттік қызметтің кадрлар құрамын жұмысы ерекше бақылауға алынды.

192 тармақ бойынша. 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының 539 қатысушысын еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқытуға тарту. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, мамандықтарға техникалық және кәсіптік біліммен кадрлар дайындау.

 Қазіргі уақытта өңірлік жұмыспен қамту мәселелері бойынша комиссия бағдарламаның бірінші бағыты аясында кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін тұрғындардың 26 колледжден және 63 мамандықтың тізімін бекітті.

Успен ауданында оқыту аграрлы-техникалық колледжінде 9 сынып негізінде "Фермер шаруашылығы" және 11-сынып негізінде "Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автокөліктер құралдарын пайдалану» 2 мамандық бойынша оқытылатын болады.

 Бүгінгі таңда жұмыспен нәтижелі қамту бағдарламасына қатысу үшін алдын ала үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 6 11 сынып түлектері, және 9 сынып оқушыларының 12-сі қатысушы болуды жоспарлауда.

 «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік білімі бар қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» бойынша 37 адам оқыту жоспарланған, оның ішінде: 20 адам "ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі", 10 адам "аспаз", 7 адам "кәсіпкерлік негіздерін оқыту", қазіргі уақытта Успен аграрлық-техникалық колледжінде мамандықтар бойынша тракторшы, аспаз оқыту 1 қыркүйекте басталды. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту қыркүйек айына жоспарланған.

 Қысқа мерзімді оқытуды қаржыландырудың жалпы сомасы 6329,0 мың теңгені құрайды (соның ішінде 4113,8 мың теңге оқытуға, 2215,2 мың теңге стипендия, жол ақысы, тұруға арналған төлемақы).

 196 тармақ бойынша. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі ұйымдар мұғалімдерінің, басшылар біліктілігін арттыру.

 2016-2017 оқу жылында ауданның барлық мектептері (1-сынып-24) жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнына көшті. Жаңа мазмұнға ауысуына байланысты 2016 жылы Павлодар облысы бойынша "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалында 1 сыныптың 24 педагогы БПИ курстарынан өтті. 2017 жылы 24 мектепалды даярлау сыныптары тәрбиешілерін оқыту жоспарланған, есепті кезеңге 3 тәрбиеші оқытылды.

2017 жылдың аяғына дейін білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 24 педагог біліктілігін арттырады, оның ішінде 5, 7-сынып пән мұғалімдері. Әр мектеп үшін мұғалімдердің қатарынан тренерлерді дайындау жүргізіледі. 2016 жылы 17 педагог жаттықтырушылар курсынан өтті, 2017 жылы 14 педагог оқудан өтті.

Мазмұнын жаңарту аясында әкімшілік мүшелері, әдіскерлер, робототехника мұғалімдері біліктілікті арттырудан өтеді. Оның ішінде 2016 жылы 31 біліктілігін арттырды, 2017 жылы 33 өтті, оның ішінде 8 мектеп басшылары.

 197 тармақ. Менеджмент саласында білім ұйымдары басшылары біліктілігін арттыру. Жалпы білім беретін білім беру мекемелері басшылары -19. Менеджмент саласында басшылар курстарынан өтті-12. 2017-2018 оқу жылы 5 жоспарлануда.

198 тармақ. Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу үшін жағдай жасау (кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту). Жаңа оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің зерделеуді енгізу мақсатында 4 мектеп белгіленді, аудан орталығының 3 мектебі, Галицк мектебі. Пәндер вариативті компоненттің есебінен факультативтік курстар сияқты аптасына 1 сағат енгізіледі. Аталған мәселе бойынша оқушылармен, ата-аналармен және осы мектеп педагогтармен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Оқулықтар сатып алуға қаражат қарастырылған.

199 тармақ бойынша. Шағын кешенді мектептерге оңтайландыру желісін жүргізу. Мектептер мәртебесін өзгерту (аудан жоспары бойынша орта мектептен-негізгіге, негізгі мектептен-бастауышқа ауыстыру.)

Успен ауданы әкімі бекіткен мектептерді оңтайландырудың Успен ауданы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жоспарға қосылған мемлекеттік органдардың іс-қимыл жоспарына сәйкес мынадай рәсімдер жоспарланған.

2017 жылы:

Ковалев және Дмитриев мектептерінің мәртебесін негізгі және бастауыш мектептерге тіркелуден өтті.

200 тармақ. Ауылдық шағын кешенді мектептерде оқыту сапасының жай-күйіне мониторинг жүргізу (аралық мониторингі және қорытынды аттестаттау нәтижелерін талдау).Ағымдағы жылы 11 сынып түлектерінің жалпы саны 73 адамды құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын – 6, орыс тілінде - 67. Барлығы 11 сынып, оның ішінде бойынша жаратылыстану –математикалық бағыт бойынша - 9, қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша -2.

15 жалпы білім беретін орта мектептен 2017 жылғы қорытынды аттестаттауға контингент жоқтығынан Ольгин, Тимирязев, Қаратай және Ковалев мектептері қатыспады.

11 мектептен 73 түлек қорытынды аттестация тапсырды: Успен с. № 1,2,3, Таволжан, Константинов, Белоусов, Лозовое, Қозыкеткен, Галицк, Вознесен, Павлов.

 Емтихан қорытындысы бойынша Орта білім сапасы 68,54% құрайды.

 201 тармақ. Мектепке дейінгі мекемелерде өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін қазақ тілінде оқыту және тәрбиелеу топтарының санын көбейту. МО көрсеткіші Козыкеткен мектебінде шағын-орталықты мемлекеттік тілдегі 25 орынға кеңейту есебінен 79,6% - ға дейін ұлғайтылды. Жергілікті ұлт балаларының саны 275, есепті кезеңде оқытумен 219 қамтылған.

 202 тармақ. ҚР БҒМ ұсынымы бойынша орта білім беру ұйымдарында «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» вариативті оқу бағдарламаларын енгізу. Ауданда барлығы орта білім беру ұйымдарының жалпы саны 15, 2017-2018 оқу жылы жұмыс оқу жоспарын құру барысында 5 сыныптарда вариативті компоненттің есебінен бұл курс көзделген.

 203 тармақ. «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде жаңа қазақстандық патриотизм бойынша тәрбиелеу және базалық жылжытуға іс-шаралар өткізу.

 Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында азаматтық сана-сезім және білім беру бөлімімен нақты жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарының тәрбие жоспарлары тәрбиелік бөлігі «Мәңгілік ел» патриоттық актісін түсіндіру және ілгерілетуге негізделіп әдістемелік - нұсқаулық хатпен сәйкес жасалды.

Кәсіптік бағдар жұмысы аясында және қазақстандық әскери қызметшінің бейнесін қалыптастыру бойынша БӘД мұғалімдері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен, жоғары әскери оқу орындарының студенттері мен түлектерімен кездесулер ұйымдастырды, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептерінде сынып сағаттары, әңгімелер, викториналар, көріністер, бейне роликтер көрсету іс-шараларын қамтитын жұмыс жоспарлары жасалды. Жыл сайын "Патриот" айлығы шеңберінде "Қайсар" БЖСМ облыстық ту ұстаушылар "Туға тең болу!" аудандық конкурсының кезеңін ұйымдастырады.

 204 тармақ. Қалалар мен аудандар мектептерінің оқу бағдарламасына тұрғысында жастардың патриоттық тәрбиесі мақсатында "Өлкетану" пәнін енгізу.

Вариативті компоненттің есебінен барлық 19 мектептің 7-сыныптарында "Өлкетану" факультативтік курсы енгізілген.

 206 тармақ. Оқушылардың оқулықтарды сақтауға, аяқ-киім ауыстыратын және спорттық керек-жарақтарды қоюға арналған жеке шкафтармен қамтамасыз ету.

2016-2017 оқу жылының соңында мектеп оқушыларының саны 1556, 4 секциядан тұратын шкаф қажеттілігі 389 құрайды, жалпы сомасы 11670,0 мың теңге (бір шкаф-30 мың теңге). Кезең - кезеңімен сатып алу жоспарланған. 2017 жылғы үшінші тоқсанда бюджетті нақтылау кезінде аудан орталығының мектептері үшін сатып алу қаралады.

 207 тармақ. 1 сынып оқушыларын тегін ыстық аспен қамтамасыз ету. Барлық мектеп оқушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Тегін ыстық аспен қамтамасыз ету мәселесі қаралу деңгейінде Ауданның барлық мектептері сапалы ауыз сумен 100 % қамтылған.

 208 тармақ. Бала бақшаға кезек мәселесін шешу үшін есепке алу және жолдама беру процесін автоматтандыру.

Бала бақшаға есепке алу және жолдама беру ауданының білім бөлімінде автоматтандырылған, корпорация арқылы жүргізіледі және "Е-акимат" базасына енгізіледі.

 209 тармақ. Халық арасында 12-жылдық білімге көшу білім, үш тілде оқыту және жаңа форматтағы ҰБТ енгізу туралы, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

ауданның білім беру мекемелерінде 2017 жылғы сәуір айында осы мәселелерді түсіндіру бойынша жалпы мектептік жиналыстар өткізілді.

 211 тармақ. Халықтың, жұмыс берушілердің, мед. Қызмет жеткізушілердің арасында міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру енгізу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу.

Успен ауданында ММӘС бойынша түсіндірме жұмыстары халықпен, сондай-ақ жұмыс берушілермен, ШҚ, ЖК жұмыскерлерімен және медициналық персоналмен өткізілді. Успен ОАА әр бейсенбіде ММӘС түсіндіру бойынша «ашық есік күнін». Қамтылған халық -1220 (жұмыс берушілер - 40 адам, қызметкерлер 447 адам, белсенді емес халық -200 адам, жеңілдікті санаттағы -105 адам, дәрігерлер-21 адам, орта медициналық қызметкерлер-82 адам)

 214 тармақ. Облыс поликлиникаларында электронды кезек енгізу.

ШЖҚ "Успен ОАА" КМК базасында электрондық кезек енгізу үшін медициналық тіркеушілерде автоматтандырылған орындар бар. Әрбір науқас Egov арқылы дәрігерге қабылдауға жазыла алады, медициналық қызмет көрсету бойынша басқа да мәселелерді емхананың жеке сайтына жазуға азаматтардың құқығы бар.

 219 тармақ. БМСК деңгейінде педиатриялық учаскелердің үлесін ұлғайту және кезең-кезеңмен қалпына келтіру. ШЖҚ "Успен ОАА" КМК балалар саны 0 ден 5 жасқа дейін 839 құрайды. Педиатриялық учаске аз нормативтеріне сәйкес (5000 балаға 1 педиатриялық учаске) берілмейді. Балаларға жалпы тәжірибе дәрігерлері қызмет көрсетеді. Педиатр - инфекционист дәрігер бар.

 220 тармақ. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып кемінде 165 аз қамтылған отбасына қаржылай көмек көрсету көздейтін "Өрлеу" Жобасын іске асыруды жалғастыру.

 2017 жылға арналған келісілген ақшалай көмекке республикалық бюджеттен-2 256,0 мың теңге трансферт бөлінді, БАТ төлеуге 620,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 752,0 мың теңге), кеңесшіге төлеуге – 974,0 мың теңге, ассистентке төлеуге – 662,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережелеріне сәйкес берілетін ҚР Үкіметі бекіткен «Өрлеу» жобасы бойынша республикалық бюджеттен келісілген ақшалай көмекті енгізуге. 2017 жылға 7 отбасына көмек көрсету жоспарланған, 01.09.2017 жылғы жағдай бойынша 5 отбасына 25 адам жалпы сомасы 969,6 мың теңге БАТ тағайындалды.

 222 тармақ. Халықтың мәдениет нысандарына тегін қол жеткізуі тәжірибесін енгізу. «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, ДШ және спорт бөлімі» ММ өткізетін іс-шаралар тегін жүргізіледі. Үйірмелерге, қызығушылықтар бойынша клубтарға бару, оқу тегін.

 223 тармақ. Халықты тұрақты дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы спорттық ғимараттар, соның ішінде жалпы білім беру мекемелерінде орнату жаппай тарту. Тұрақты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту мақсатында 30 мамырда Лозовое с. шағын-футбол алаңы жасанды жабынмен көркейтілді, 30 маусымда Успен ауылына №1 УЖББМ көп функционалды алаң және Ковалев с., Константинов с., Қаратай а., Белоусов ауылы шағын - футбол алаңдары құрылысы аяқталды. Шілде айында Қоңырөзек ауылында шағын футбол алаңын жайластыру аяқталды. Барлық жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабақтары үшін қажетті жағдай жасалған.


Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp