ІІ аудандық дәстүрлі турнир

12.09.2017

2017 жылғы 9 қыркүйекте Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде аудандық «Денсаулық фестивалі - 2017» өтті. Осы күні Константинов ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында ҚР Конституциясы күні құрметіне орай жасөспірімдер мен оқушылар арасында аудан прокруратурасының сыйлығына шағын - футбол бойынша ІІ аудандық дәстүрлі турнир өткізілді.

Турнирді өткізу мақсаты - спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату және дамыту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, футбол бойынша сыныптан тыс жұмыстар мектептерде үздік ұйымдастырылғандығы анықталды.

Турнирге аудан бойынша №1, 2, 3 Успен, Константинов, Павлов, Галицк, Қаратай, Тимирязев, Белоусов орта мектептерінен 9 команда қатысты. Бірнеше сағат ішінде жас спортшылар ең жылдам, шымыр және спорт атағы үшін бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - №3 ЖОББМ оқушылары Успен ауылы, 2 орын – Константинов ЖОББМ оқушылары, 3 орын - №1 ЖОББМ командасы успен ауылы. Екінші жыл қатарынан №3Успен мектебі жеңісті қолдан бермегендігін атап өту керек. Номинациялар бойынша: «Үздік қақпашы» - Сапар Темірлан Қаратай ЖОББМ оқушысы, «Үздік шабуылшы» - Топтун Сергей Галицк ЖОББМ оқушысы, «Үздік қорғаушы» - Нуртазинов Жастлек Белоусов ЖОББМ оқушысы. Барлық жүлдегерлер мен номинанттар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Спорттық ойын түрлерінің дамуы, футболды жандандыру, виртуалды ойынмен қарым-қатынасты алмастырудың жылжымас бір бөлігі және балалықты пайдалы, дамытушылық жаттығуына оралтады деп - аудан прокуроры Е. Нұрғали атап өтті.

 Успен ауданының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp