Успен ауданында Ұлт жоспары –100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» 4-ші реформаны жүзеге асыру жөніндегі есеп

05.07.2017

85-қадам «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу» шеңберінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған Заңның нормалары іске асырылады, қазақстандық біртетктілік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Успен ауданында Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі құрылды (бұдан әрі – Кеңес). Кеңестің құрамы 2016 жылғы 2 ақпандағы ҚХА аудандық филиалы Кеңесінің отырысында бекітілді. Кеңестің құрамы қоғамдық, этномәдени және діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінен құрылған.

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық филиалына (2014 жылғы 22 қыркүйек күні ашылды, жетекшісі Зухра Хасенқызы Дюсекеева) 9 этномәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдары кіреді, бұл:

1) «Эльбрус» Павлодар қарашай-черкес және қабарда-балқар» ҚБ-ң филиалы (Қоңыр Өзек ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Залина Тарзановна Молдабаева, саны - 21 адам),

2) «Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» ҚБ-ң филиалы (Успен ауылы, аудандық Мәдениет үйі, жетекшісі Олинда Федоровна Сагайдак, саны – 30 адам),

3) «Т. Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениетінің бірлестігі» ҚБ-ң филиалы (Ковалев ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Анатолий Петрович Кармазь, саны – 15 адам),

4) «Славян мәдени орталығы» ҚБ-ң филиалы (Вознесен ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Елена Леонидовна Федоренко, саны – 10 адам),

5) «Шешен қоғамдық бірлестігі» ҚБ-ң филиалы (Лозов ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, саны – 10 адам),

6) «Удмурт қоғамдық бірлестігі» филиалы (Лозов ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Жанель Табулдиновна Смагулова, саны – 6 адам),

7) «Чуваш қоғамдық бірлестігі» филиалы (Галицк ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Олена Юрьевна Харченко, саны – 8 адам),

8) «Белорус қоғамдық бірлестігі» филиалы (Қоңыр Өзек ауылы, ауылдық Мәдениет үйі, жетекшісі Ирина Бакулина, саны – 8 адам),

9) «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» ҚБ-ң филиалы (Успен ауылы, аудандық Мәдениет үйі, жетекшісі Күлпаш Мәуленқызы Кабиева, саны – 18 адам).

Аудандық филиалдардың өкілдері ұлтаралық бірлік пен келісімді насихаттай отырып, ауданда өткізілетін барлық мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізуге белсенді қатысады.

86-қадам «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру» шеңберінде аймақта келесі нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру бойынша нақты шаралар қабылданды:

«ҚР-ң мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңына, «Қайырымдылық туралы» Заңына өзгерістерді енгізу туралы» ҚР Заңдары.

Ауданның барлық мемлекеттік, аумақтық мекемелері, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына енгізілген өзгерістері туралы хабардар. Ішкі саясат бөлімімен ауданның барлық мекемелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану туралы ақпарат жиналған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Коснтитуциялық Заңының талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес үй-жайлардың кіреберістеріндегі маңдайша жазуларда Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді орындалуы аудан аумағындағы барлық мекемелерде орнатылған.

Мемлекеттік Елтаңбаның айналасындағы шеңбердің үстімен БСН микромәтіні бар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрінуімен мөрлерді дайындауға қатысты өзгерістерге сәйкес, ауданның барлық мемлекеттік мекемелері мөрлерді ауыстырды.

Жыл сайын ауданда «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Асар» қайырымдылық акциялары өткізіледі. «Қайырымдылық» республикалық акциясы жаппай оқу айлығы үлгісінде өткізіледі, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әлеуметтік қорғалмаған оқушылар мен аз қамтылған отбасылар қатарынан тәрбиеленушілерге қаржылық және матриалдық көмек көрсетуге бағытталған.

Мысалы, «Асар» республикалық акциясы шеңберінде 2016 жылғы 22 ақпан – 1 наурыз күндері аралығында «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданда аталмыш акцияны қолдап, ұйымдастырды.

Акция шеңберінде мекенжайы бойынша бару, ардагерлермен кездесулерді ұйымдастыру, оларға назар аудару, жалғыз бастыларға және жалғыз тұратындарға қолдан келерлік көмек көрсету, тұрмысы төмендерге заттар мен азық-түлікті жинау, жалғыз басты қарттар мен ардагерлердің тағдырына немқұрайлы қарамайтын мектеп оқушыларының, Успен аграрлық-техникалық колледж студенттерінің және жас белсенділердің еріктілер топтарын тартумен әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу. Мекенжай бойынша тұрмыстық көмекке мұқтаж (қар тазалау, көмірді ұсақтау, күл тазалау және т.б.) 30-ға жуық жалғыз тұратын зейнеткерлерді аралады. Успен аграрлық-техникалық колледжінің студенттері өздерінің оқытушысы, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С.А. Калыковпен бірге белсенді қатысты. Сонымен қатар, мұқтаж және тұрмысы төмен көп балалы 8 отбасыға ауылдық әкімдікпен бірге жиналған бірінші кезекте қажетті азық-түлігі, киімдері бар қоржындар таратылды.

Есте қаларлығы, акция алғашқы рет Қазақстанда 1 наурыз күні атап өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - «Алғыс айту күні» қарсаңында өткізілді.

Мерекелеу қарсаңында 1 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Атамекенім – туған жерім – Қазақстан!» атты ЭМБ-ң фестивалі өтті, «Құнанбай» фильмі көрсетілді.

Ауданның оқу орындарында Алғыс айту күні жеке жоспар бойынша мерекеленді. Мектептерде «Алғыс айту парызым...» бірыңғай сабақтары, әңгіме-дәрістері, «дөңгелек үстелдер», «Әке мен анаға рақмет» суреттер және фотосуреттер конкурстары өткізілді.

Ауданның ауылдық кітапханаларында «Мен алғыс айтамын» тақырыбына кітап көрмелері, тарихи-өлкетану мұражайында «Бір отбасыда тұрамыз» тақырыбына дәріс-фотокөрмесі рәсімделді.

2025 жылға дейін ҚХА дамытудың жаңа тұжырымдамасына қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді (Нақты сандар мен мысалдар, қанша іс-шара өткізілді, сарапшылар. ХЭТ-ң жұмысы, халықтың қамтылуы, ҚХА мүшелерінің қамтылуы, конференциялар, әдістемелік ұсыныстар).

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде аймақтық деңгейде келесі нәтижелерге қол жеткізілді (Нақты нәтижелер, сандар мен мысалдар, халықтың қамтылуы, қанша іс-шара, пайдалы тәжірибе)……

ҚР мерекелерінің жалпыұлттық күнтізбесін құру және ҚР Президентінің «ҚР-дағы кәсіби және өзге де мерекелердің тізімі туралы» Жарлығын, сонымен қатар мәдениет және спорт министрінің «Жалпыұлттық күнтізбені әзірлеу бойынша негізгі амалдарды ескере отыра мерейтойлар мен естелік күндер тізімін бекіту туралы» бұйрығын іске асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды.

2015 жылы клубтық мекемелер барлығы 1245 шара өткізді, соның ішінде: ауылдар мен ауылдық округтардың орталық алаңдарында салтанатты жиналыстар мен мерекелік концерттер, халықтық қыдыру және жаңа жылдық концерттер, этнографиялық, күнтізбелік және балалар мерекелері мен конкурстары, фестивальдар, нақыталай айтсақ:

Қазақстан халқының бірлік күні, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Тұңғыш Президент күні. Кәсіби мерекелер де назардан тыс қалмады: Мұғалімдер күні, медициналық қызметкер күні, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының күні және т.б. Мәдени-сауық шараларға келген көрермендер саны – 155 600. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 4 327,5 мың теңгебөлінді.

2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс барысында бүгінгі күні орындалды

Тоқсан сайын ішкі саясат бөлімімен Успен ауданының мемлекеттік органдарында, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктерінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының сақталуына фотоесебі бар кешенді мониторинг жүргізілді. Мониторинг нұсқаулығына енгізілген көрсеткіштер – мемлекеттік рәміздерді жою актісінің, комиссияны құру туралы бұйрықтың, комиссия жұмыс жоспарының, инспекциялық комиссиялар кесетелерінің, мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою туралы бұрықтардың, мемлекеттік рәміздерді сатып алу туралы түбіртектердің (өндіруші фирмаларда лицензиялардың бар болуы), мемлекеттік органдардың фирмалық блактері мен елтаңбалы мөрдің бар болуы. 2016 жылдың бірінші тоқсанында АНТ-ның 25 кездесуі өткізілді, жалпы 1500 адам қамтылды. АНТ-ның жұмыс жоспарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану тақырыбы енгізілген.

«ҮЕҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулардың енгізу туралы» Заңын және 2015-2020 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара әреккеттесуін дамытудың жалпыұлттық жоспарын іске асыру барысында

Успен ауданының мемлекеттік органдары үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді, олардың қызметі ұлттық бірлікті, ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық пен отансүйгіштік тәрбиені сақтауға және әрі қарай нығайтуға бағытталған.

Халық пен жастарды отансүгіштікке тәрбиелеуде «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалдары белсенді қызмет жүргізуде. Мемлекеттік органдармен тығыз байланыста дөңгелек үстел, кездесулер, семинарлар, форумдар түрінде әртүрлі сұхбаттар өткізіледі.

Ауданда азаматтық қоғам институты төрт ҮЕҰ-мен ұсынылған: «Жас талап» ЖҚБ», «Жарық» қауымдастығы» ҚБ», «Арайлым» ҚҚ, «Успен мүгедектер қоғамы» ҚБ.

«Жарық» қауымдастығы» ҚБ-ң өкілдері (аудан кәсіпкерлері) демеушілікке үлкен назар аударады, балалар үйінің балаларына, аз қамтылған отбасыларға, ҰОС-ң қатысушылары мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға материалдық көмек көрсетеді. Әрдайым қайырымдылық акцияларға қатысады, 1 қыркүйекке орай мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырады. «Ел тағдыры – менің тағдырым!», «Әйелдер – экономикалық өрлеу үшін», «Жастар ел тірегі!» және т.б. сияқты жыл сайынғы аудандық және облыстық конкурстар мен форумдардың қатысушылары болып табылады.

«Арайлым» қоғамдық қоры мен «Успен мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өздерінің қатысуларымен аудан жастарын тарта отырып, жыл бойы патриоттық акцияларға қатысты: «Ескерткіштен ескерткішке» автомотожүгірісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, Қазақстан Республикасының Конституция күні.

Жастар арасында «Жастар Отанға» еріктілер қозғалысы даму үстінде, КВН қозғалысы, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдары белсенді дамуда. Жыл бойы жастар мемлекеттік мерекелерге арналған қайырымдылық акцияларға, конкурстарға, патриоттық іс-шараларға қатысады.

Үкіметтік емес ұйымдар ішкі саясат бөлімінің тікелей қолдауымен мемлекеттік органдардың тығыз ынтымақтастығымен әлеуметтік мәселелерді шешуде өздерінің үлесін қосуда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын алға бастыру бойынша халықпен болатын кездесулерде ақпараттық-насихаттау жұмысына белсенді қатысады.

ҮЕҰ-мен өткізілетін іс-шаралардың көбі азаматтық қоғамды қалыптастыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ, біздің ауданымыз үшін өзекті болып табылатын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.

Успен ауданының ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс істейді. Кеңес, мемлекеттік органдармен бірге соғыс және еңбек ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетеді. Жастар қозғалыстарымен бірге жалғыз тұратын, қартаң зейнеткерлерге қайырымдылық көмекті ұйымдастырады.

Успен ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімдері құрамына 8 этномәдени бірлестік кіретін Қазақстан халық Ассамблеясының филиалымен бірлесіп патриоттық іс-шараларды өткізуге қатысады. Жыл сайын «Достық» этностық мәдениеттер фестивалі мен тілдер фестивалі өткізіледі.

2014 жылы ауданда Жастар ресурстық орталығы құрылды, оның қызметі жастар арасында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді дамыту бойынша шаралар кешенін іске асыруға бағытталған. Тұрақты негізде жыл бойы жастар пікірталас клубының отырыстары, дөңгелек үстелдер, конкурстар, жастар патриоттық акциялары, әскери-патриоттық іс-шаралар, әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған және т.б. іс-шаралар өткізіледі. Іс-шаралармен жастардың жалпы қамтылуы 1100 адамды құрады.

2015 жылы жастар саясаты саласында «Жас Талап» ЖҚБ белсенді жұмыс жүргізеді. Ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап бірлестік «Успен ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-ң мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында келесідей бағыттарда іс-шаралардың өткізілуін жүзеге асырады: патриоттық тәрбие, жасөспірімдер мен жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылық көріністердің алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған дөңгелек үстелдерді өткізу, СӨС-ті насихаттау. Жастар конференцияларға, сұрақ-жауап сайыстарына, дәрісханаларға, іскерлік ойындарға, сынып сағаттарына, пікірталас клубтарына, «дөңгелек» үстелдер мен форумдарға белсенді қатысады.

Мемлекеттік органдардың аудан ҮЕҰ-мен осы бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.

«Мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселесі бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен бірқатар толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша келесі шаралар қабылданды.

Халықтың сауығын ұйымдастыру клубтық құрылымдар арқылы жүзеге асады. Барлығы аудан бойынша клубтық құрылымдар – 73. Онда 667 адам қатысады. «Халықтық» және «үлгілі» атағына ие ұжым – 1 («Вдохновение» вокалдық тобы). «Вдохновение» вокалдық тобы өзінің атағын 2014 жылы растады. 2015 жылы ауданның мәдениет мекемелерінің негізінде көркемөнер ұжымдары шығармашылық және концерттік әрекетін сәтті іске асырды. Үйірмелер мен клубтық бірлестіктердің жоспарлы жұмысының арқасында ауданның аумағында тұратын азаматтардың барлық санаттары шығармашылықпен айналысу, өздерінің мәдени деңгейін арттыру, сауығын сапалы өткізу мүмкіндігіне ие.

2015 жылы өткізілген аудандық конкурстар ен фестивальдардың саны – 8 (конкурстар: патриоттық әндер, Мини-мисс 2015, Көктем аруы, «Отанымның дәстүрі», «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?», Жайдарман, Астана жайлы әндер, этникалық мәдениеттер фестивалі).

ҚР Президентінің «Мәдени саясат Концепциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын, сонымен қатар Оны іске асыру бойынша шаралар жоспарын асыру мақсатында ауданның мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қамтамасыз етілді. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 3081,0 мың теңге, соның ішінде ауылдық елді мекендерде - 3081,0 мың теңге, соның ішінде клубтық мекемелерге - 1615,0 мың теңге, кітапханаларға – 1210,0 мың теңге, мұражайларға – 18 мың теңге.

Ауданда Алтай өңірі, Қарасуық ауданының көркем өнер ұжымдарымен шығармашылық кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналды. Шекаралық серіктестік аясында ұлы мейрам – Наурызға арнап Успен ауданы Жаңасібір облысы, Қарасуық, Бурла аудандары, Славгород қаласынан келген қонақтарды күтіп алды. Достық қатынаспен келген делегацияның құрамында аталған аудандардың Қазақ мәдениеті Орталықтарының жетекшілері болды. Шығармашылық ұжымдар – «Алматай» би және «Арай» (ағайынды Д. Және А. Анаевтар) ұжымдары қатысты. Ресейліктер бізде ұлттық дәстүрлердің қаншалықты дәріптелетінін көрді. Концерттік бағдарламада ашық аспан аясындағы сахнада көктем, махаббат, табиғаттың жаңаруы туралы қазақ әндері шырқалып, көне қазақ дәстүрлері туралы театрландырылған қойылымдар көрсетілді.

«Менің елім» азаматтық біртектілікті нығату жөнінде Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың қорытындылары отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар болды. Ауданда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылады және өткізіледі. Аудандық деңгейде Конкурсты өткізудің жұмыс органы Успен ауданының ішкі саясат бөлімі болып табылады. Конкустың аудандық деңгейінің жеңімпаздары «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне қатысады.

Балаларды қорғау күніне орай балалық шақ фестивальдері, аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға арналған қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стартегиясын іске асыру шеңберінде Успен ауданында тұрақты негізде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өз қызметін жүзеге асырады. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, медициналық және оқу орындарының, қызметтің басқа салаларының өкілдері кіреді. Комиссияның отырыстары тоқсан сайын жылына 4 рет өткізіледі.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік теңдікті дамыту жөнінде халықтың хабардарлығы мәселелерінде кең тыңдаушыларға әсер етуде ерекше рөл бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінеді. «Аймақ ажары», «Огни села» аудандық газеттерінде «Ауыл адамдары», «Еңбек жолында», «Тұлға», «Адам және оның ісі», «Бізбен бірге тұрады» тұрақты айдарлары ашылып, жұмыс істеуде.

88-қадам «ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру» шеңберінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» іске асырылады. Негізгі үш бағытты іске асыру бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткізілді: (Нақты нәтижелер, сандар және бағыттарды іске асырудың мысалдары

I.       ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯСЫН ІЛГЕРЛЕТУ

II.      «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР - МАМАНДАР ҰЛТЫ»

III.     «МАМАНДАР ЛИГАСЫ» - жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың беделін және танымалдығын ілгерілету. Сондай-ақ, ақпаратық жұмыс, спикерлер, оқиғалы қтар).

89-қадам «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру» шеңберінде аймақта Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша келесі нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Мұражайларда ҚХА тарихы және полиэтникалық Қазақстан тарихы залдарын құру бойынша шаралар Жоспарын іске асыру үшін «Успен ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» МКҚК жеке тұрған ғимарат беріліп, ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ауданда бейбітшілік пен келісімді сақтауда ҚХА бөлімшесі маңызды роль атқарады. Этномәдени қауымдастықтардың мүшелері ауданда болсын, облыс орталығында болсын өткізілетін мәдени шараларға белсене қатысады. Ауылдық мерекелер, фестивальдарға жүйелі қатысып, мәдениеті мен ұлттық тағамдарын ұсынады. Лозовск а/о шешен-ингуш және удмурт ЭМҚ, Қоңырөзек а/о кабардин-балқар және белорус ЭМҚ, Богатыр ауылынан орыс және басқа да ЭМҚ ерекше атап өткен жөн. Орталықтар өз халқының салт-дәстүрлерін сақтау, сонымен қатар халық тұрмысынан көрініс беретін экспонаттарды жинау бойынша жұмыс жүргізуде. Ауданда ҚХА таризының залын ашу үшін материалдарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2015-2016 жылдарға арналған ҚР мұражайларының жұмыс форматын жетілдіру бойынша жұмыс аясында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

2016 жылдың басында аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жалпы қорындағы экспонаттарының саны 2261 құрайды. Бұл – ауданымыз бен ауылымыздың даму тарихын сипаттайтын экспонаттар. 2015 жылы 86 экскурсия, 89 дәріс, 76 көрме өткізілді. Экскурсанттардың жалпы саны 16510 адамды құрады. Мұражайдың қор материалдарынан 76 көрме ұйымдастырылды, оның ішінде мұражайдан тыс – 22.

2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданда 2014-2016 жылдарға арналған шаралар жоспары әзірленіп бекітілді (аудан әкімдігінің 2014 жылдың 18 маусымдағы № 193/6 қаулысы).

Ағымдағы жылы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін 1840 мың теңге бөлініп игерілді. (2012 жылы 1421 мың теңге, 2013 жылы 1633 мың теңге, 2014 жылы 1884 мың теңге бөлінді.)

Тіл туралы заңнаманың орындалуына байланысты Успен ауданының Успен, Ковалев, Галицк, Белоусов, Вознесен, Қоңырөзек, Надаров, Новопокров, ауылдық әкімдіктері, ауылдық кітапхана, мәдениет мекемелері мен бизнес нысандары тексерілді. Надаров, Вознесенка ауылдық кітапханаларында, Галицк ауылдық әкімдік аппаратында және Успен ауылындағы көрнекі ақпаратында анықталған қателер бойынша хат жіберіліп, қателер түзетілді.

Көрнекі ақпараттарды рәсімдеу, іс қағаздарын жүргізу бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында рейдтер өткізіледі. Барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда маңдайша, мөрлер, мөртабандар, көрнекі ақпараттар мемлекеттік тілде немесе екі тілде рәсімделген. Азаматтарды қабылдау екі тілде жүргізіледі, азаматтардың өтініштеріне жауап өтініш берілген тілде жіберіледі. Мониторингке қамтылған көрнекі ақпарат саны - 80, қателері анықталып түзетілгені - 6 болды. (2014 жыл бойынша қаралған көрнекі ақпарат саны - 38, түзетілгенідері - 2.)

Мәжілістер мен отырыстарды мемлекеттік тілде өткізу мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ілеспе аударма қондырғылары орнатылған. Ауданда өткізілетін ресми отырыстар мен алқа мәжілістерде ілеспе аударма қондырғылары пайдаланылады. Аудан әкімінің веб-сайты ресми түрде жұмыс атқарады, барлық түскен ақпарат екі тілде жүргізіледі.

Ауданда мемлекеттік атқарушы органдардағы құжат айналымы бойынша мониторинг тұрақты өткізіледі. Жыл сайын мемлекеттік тілдегі құжат саны артып келеді. Мәселен, (2012 жылы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың көрсеткіші 93% болатын болса, 2013 жылы аталған көрсеткіш 99%, 2014 жылы 99,8%.) Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына алғанда мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының көрсеткіші 100% жетсе, ішкі құжаттардың көрсеткіші 76% құрайды.

Аудандық жұмыс тобы құрамына қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері кіреді. Есептік мерзімінде жұмыс тобының 4 отырысы өтті. Жұмыс тобының отырыстарында ауыл және ауылдық округтерде «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындау және білім мекемелерінде жылдың жұмыс нәтижесі жөніндегі мәселелер қаралды және өткен жылдың қорытындысына талдау жасалынды.

Ауданымызда қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің санын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдары мемлекеттік тілде білім беретін мектепке дейінгі мекемелер, мектептердің саны артуда.

Аудан бойынша 3 балабақша және 15 шағын орталық бар. Бір аралас тілді балабақшаның 3 қазақ тобында 81 бала тәрбиеленуде.

Ауданның аралас тілді №2 Успен, Лозов, Таволжан, Павлов орта мектептері жанындағы шағын орталықтардың 5 тобында 98 бала мемлекеттік тілде тәрбие алуда. Оның ішінде 14 бала өзге ұлт өкілі (2013 жылы 3 бала, 2014 жылы 15 бала болды).

Аудан бойынша барлығы 20 мектепте, 1502 оқушы бар. Оның ішінде 2 мектеп қазақ тілінде білім беріп, мемлекет тілде 240 бала оқытуда (2013 жылы 241 бала, 2014 жылы 230 бала).

2014 жылы Қаратай орта мектебі қазақ тілінде білім беретін мектепке ауысты. 2015 жылы қазақ сыныптарының ашылуына байланысты 4 аралас тілді мектеп саны 6 аралас тілді мектепке өсті. Бүгінгі күні аралас тілді мектептерде 23 қазақ сыныбында - 64 бала оқытылуда (2013 жылы-52, 2014 жылы-59). Орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларының саны – 354. Ұлты қазақ оқушылар саны - 588 (2013ж.- 604, 2014ж. - 591). Мемлекеттік тілде оқып тәрбие алатын 6 өзге ұлт балалары білім алуда. (2013 жылы 5 бала, 2014 жылы 7 бала) 2016 жылы Константинов ауылындағы «Айгөлек» балабақшада мемлекеттік тілді бір топ ашу және Ольгин орта мектебін аралас тілді мектепке ауыстыру жоспарлануда.

Успен ауданы облыстың көп ұлтты аудандарының бірі болып табылады. Халықтың жалпы саны 12343 адам, 33% қазақтар, 67% - өзге ұлт өкілдері.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Успен ауданы бойынша 18-60 жас аралығында мемлекеттік тілді оқытуды қажет ететін адамдар үшін қаражат экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілгеннен кейін мемлекеттік тілді үйренушілерге барлық санатты адамдарды ауданымыздың (Успен, Равнополь, Лозов, Қоңырөзек, Таволжан, Белоусов, Қозыкеткен, Новопокров, Ковалев ауылдық) 9 округтерінде жалпы 169 адамды қамтылып тегін оқыту үйірме ұйымдастырылып жүргізілді. Мемлекетік сатып алу бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 8 ауылдық округ бойынша 140 адам оқытылды. Биыл жалпы 309 адам оқыттық. (2014 жылы 90 адам).

Бағдарламаны іске асыру аясында өткізілетін жұмыстың ең маңызды бағыты мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту болып табылады. Аудан бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 128 адам, оның ішінде қазақтар 65, орыстар 31, өзге ұлт өкілдері 32 адам, қазақ тілін еркін меңгергендер саны 52 немесе 41 %.

(2008 жылдан бастап аудан орталығында мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді.) 2015 жылы А2 деңгейі бойынша курстан 22 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілге оқып келсе (2012 жылы -12, 2013 жылы 21, 2014 жылы 15 қызметкер оқытылды), ағылшын тілін 8 мемлекеттік қызметкер оқып келді (2014 жылы 8 қызметкер). Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға 2015 жылы 360 мың теңге бөлініп игерілді. (2012 жылы 222 мың теңге, 2013 жылы 336 мың теңге, 2014 жылы 360 мың теңге.). Ағымдағы жылдың мамыр айында 30 мемлекет қызметкер ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша екі күндік семинарға қатысып, қазақ тілі бойынша білім жетілдіріп сертификат алды. Ал 8 мемлекет қызметші ағылшын тілге оқытылды.

Ауданның барлық ұйымдары мен мекемелері сөздіктермен және ғылыми әдістемелік әдебиеттермен, іс қағаздарын жүргізу бойынша электронды оқулықтармен мен сөздіктер, балаларға арналған әдебиеттер, газет, журналдармен тұрақты түрде тегін қамтамасыз етіледі.

2015 жылы сәуірінде «Қазақ мемлекеттігі – ұлттық құндылықтар шежіресінде» тақырыбындағы қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ғылыми конференция өтті. Конференцияға аудандық әкімдіктен, атқару органдарының мамандары, ауыл және ауылдық округтерінен аудармашылары, іс қағаздарын жүргізушілері, жас мамандар мен тарих және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Ғылими конференцияны Павлодар облысының «Ана тілі» орталығы» ЖШС өткізді.

Ауданымызда Оралхан Бөкей, Абай оқуларын, тіл фестивалі және т.б. конкуртар өткіздік. Конкурстың жүлдегерлерін облыстық конкурсқа апардық. (Тілдарын облыстық олимпиадасында Асанбаева Елдана Бақытқызы 2 орынға иеленді, «Мың бала» Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеяның өткізген конкурсқа Топтун Ангелина 2 орын алды.)

Успен ауданына қарасты екі елді мекендерде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Успен ауылында және Богатырь ауылында төрт көшенің атауы өзгертілді.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге байланысты жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің штатына аудармашы-мамандар енген. Қазіргі уақытта олардың саны 11 адам. Аудармашылар жыл сайын біліктілік дәрежесін арттырады, жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін қайта дайындау курстарына қатысады. Мамандардың қатысуымен аудармашылар үшін семинарлар өткізіледі. Жыл сайын аудандық «Үздік аудармашы» конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Биыл конкурс жеңімпазы архитектура және құрылыс бөлімінің аудармашысы Күлжазира Қадырқызы Дүйсенбаева жүлделі 1-орынға ие болды (2014 жылы Байханова Динара Әсемғазықызы).

Аудандық кітапхана жүйесінде қазіргі таңда әдебиет қорында 176751 кітаптың данасын құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 46400 дана 26%. (Салыстыру үшін, 2014 жылы ауданымыздағы әдебиет қоры -181012, соның ішінде мемлекеттік тілде 42287 даны немесе 23% )

 

2015 жылы аудан бюджетінің қаражатына 698 дана басылым сатып алынды

Сведения о школах с трехъязычным обучением, планируемых к открытию на 2017-2020 годы

 

 

 

 

 

 

 

город/район

Наименование школы

количество организаций планируемых открыть

2017

2018

2019

2020

1

Успенский

"Успенская СОШ №2" (биология) ағылшын тілінде оқыту Арынова Б.Т. -2016-2017 оқу жылында оқуға түседі биология пәні мұғалімі ретінде

 

 

 

1

2

Успенский

"Ковалевская СОШ" (биология) ағылшын тілінде оқыту Дериглазова Н.М. дипломы бар

1

 

 

 

3

Успенский

"Павловская СОШ"(История Казахстана) қазақ тілінде оқыту

1

 

 

 

4

Успенский

"Успенская СОШ №1"(Истроия Казахстана) қазақ тілінде оқыту

 

1

 

 

5

Успенский

"Лозовская СОШ" (История Казахстана) қазақ тілінде оқыту

 

 

1

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соның ішінде мемлекеттік тілде – 329 (47 %). (2014 жылы аудан бюджетінің қаражатына 566 дана басылым сатып алынды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 279 немесе 49 % басылым алынды.)

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар (екінші кезең – 2016-2020 жылдар).

2015-2016 оқу жылында үштілде оқыту экспериментіне Успен ауданының Таволжан ЖОББМ енгізілді. 5 сыныпта Қазақстан тарихы пәні вариативті бөліктен 1 сағат «Әлем ғажаптары» атпен қолданбалы курс қазақ тілінде оқытылады (мұғалім Е.Инербаев білімі-жоғары, педөтілі-14, санаты -1).

90-қадам «5 реформаны, сондай-ақ, қазақстандық біртектілік идеяларын ақпараттық сүйемелдеу және ілгерілету» шеңберінде келесідей ақпараттық-түсіндіру кешені жүзеге асырылады:

5 реформаны, сондай-ақ, қазақстандық біртектілік пен бірлік идеяларын іске асыру бойынша ақпараттық сүйемелдеу шаралары жөніндегі «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспары шеңберінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді.

Успен ауданында ақпараттық науқанды 13 ақпараттық топ жүргізеді, оның ішінде 1 аудандық және 12 ауылдық, олардың құрамына 89 адам кіреді. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:

өсу, реформалар, даму» Жолдауы шыққаннан бері ақпараттық топтардың мүшелері ауданның 19 елді мекенінде, 17 ұйымда халықпен - 61 кездесулерді өткізді, оларға 3355 адам қатысты. Сондай-ақ, ақпараттық топтардың аудан халқымен кездесулерінің 2016 жылға арналған кестесі әзірленді.

Ақпараттық жұмыс «Аймақ ажары» және «Огни села» аудандық газеттері арқылы жүргізіледі, онда үнемі мұғалімдердің, дәрігерлердің, ұйымдар басшыларының, депутаттардың, қоғам қайраткерлерінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:

өсу, реформалар, даму» Жолдауының негізгі бағыттары туралы пікірлері жарияланады. Есептік кезеңде Жолдау тақырыбы бойынша 7 материал жарияланды.

Ауданның ауылдары мен селолық округтерінде 159 әлеуметтік, қоғамдық-саяси жарнамалар бар, олар қалқандар, билбордтар, стендетер түрінде ұсынылған. Көзбен шолып байқайтын жарнаманың мәтіндері екі тілде ресімделген. Негізгі тақырыбы ҚР Президентінің Жолдауы, Үкіметтің бағдарламасы, СӨС, патриоттық тәрбие, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, нөлдік шыдамдылық және т.б.

Ауданда «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:

өсу, реформалар, даму» Жолдауының тақырыптық 5 баннерді орналысты бағыты бойынша 7 баннерді орнату және стендтерді ресімдеу жоспарланған.

ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp