2017 жылдың бірінші жартыжылдықта Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы

05.07.2017

74 тармағы бойынша. Тірек елді мекендерде қажеттілігі бойынша жыл сайын 2 пәтерлі тұрғын үй салу. Успен ауылының құрылысы бойынша «Рахат» ЖШС нөлдік деңгейдегі құрылыс бойынша жұмысты бастады. Лозовое с. бойынша әлеуетті инвестор ЖК Буринов С. С. үй қабырғаларын салу жалғасуда.

 102 тармақ бойынша: 2017-2021 жылдарға арналған халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында кемінде 20 жобаларды қолдау, оның ішінде қалаларда берілетін шағын несиелендіру бойынша қалаларда берілетін шағын несиелер бойынша кепілдіктер беру.

Екінші бағыт шеңберінде 56200,0 мың теңге кредит берудің жоспарланған, оның «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 33000,0 мың теңге және «Ажболат» ЖШС КС арқылы 23200,0 мың теңге. "АШҚҚҚ" АҚ арқылы 11 қатысушыға кредит беру жоспарланған, соның ішінде 7 ашуға және 4 кеңейтуге. 5 қатысушыға 16700 мың теңге сомасына берілді. 29500,0 мың теңге сомасына.

«Ажболат» «Кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы 3 қатысушыларға кредит беру жоспарланған, соның ішінде 1 ашуға және 2 кеңейтуге, 2 қатысушы бойынша оң қорытынды бар (беру шілде айына жоспарланған. Өз ісін ашуға кредит алатын 8 қатысушының 7 «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізі оқуын өтті, 1 қатысушы кәсіпкерлік негізі оқуын 2016 жылы өтті.

103 тармақ бойынша: Облыс бойынша 12,5 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орындарын құру. Облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы келісім-шартқа сәйкес, 2017 жылы 390 құрылатын жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, олардың ішінде тұрақты жұмыс орындары 35,1 % кем болмаға тиіс (137 орын). Ағымдағы күндегі жағдай бойынша 233 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты 109 (46,8%). Ең саны көп тұрақты жұмыс орындары ауыл шаруашылығы саласында құрылды -77.

 104 тармақ бойынша: 2017 жылы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, оның ішінде: жастар практикасына жіберу - 538 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру - 1443 адам; жұмыс берушілердің бос орындарына тікелей жұмысқа орналастыру - 9195 адам.

 Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 88 жұмыссыз тракторист, жүргізуші, автослесарь, сатушы, тігінші, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша жіберілді.

 Жастар тәжірибесіне жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының түлектері санынан соңғы үш жылда оқу бітірген 17 жұмыссыз адам жіберу жоспарланып отыр, жастар практикасын өту 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанына дейін жоспарланған. Жылға арналған қаржыландыру сомасы 5792,0 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілердің орташа жалақысы 65000 теңгені құрайды.

 107 тармақ бойынша. 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында жұмыс күші артық өңірлердің жұмыс күшін жұмылдыру үрдісін қолдау. Еңбек күші артық өңірлерден жұмыс күшін жұмылдыру процестерін қолдау мақсатында. Қазіргі уақытта бір отбасы Алматы облысынан көшіп келді, тіркелген жері -Успен ауданы, Ковалев ауылы. Отбасы құрамы - 2 адам.

 108 тармақ бойынша. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық бос жұмыс орындарына және елді мекендері бойынша бірыңғай цифрлық онлайн-платформа қызметін құру және тиімді жұмыс істеуіне қатысуын реформалау.

 2017 жылы 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты, мемлекеттен тиісті аударымдарсыз сақтандыру полисін алу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санатынан жұмыссыздар санатына мақсатты түрде өтуінен жұмыссыз халық үлесінің ұлғаюы туындауы мүмкін.

 Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ХЖҚО электрондық цифрлық кезекті енгізу тапсырылды, осы хатқа сәйкес, электрондық кезек енгізу жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықтың санына байланысты болады, Министрлік сонымен қатар «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында ХЖҚО мамандарын орналастыру тапсырды.

 Қазіргі уақытта мәртебесі белгісіз азаматтардың санаттарын нақтылау бойынша жұмыс өткізілді және тіркелмеген жұмыссыздар санатына көшу қаупі бар азаматтардың санаттары белгіленді, тіркелмеген өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 807 адам, тіркелмеген жұмыссыздар саны 303 адам, тиімсіз жұмыспен қамтылғандар-858 адам. Барлығы 1968 адам.

 119 тармақ бойынша. Егіс алқабының ұлғаюы: 2017 жылы егіс алқабы 204,06 мың га құрады, соның ішінде дәнді дақылдар 127,2 мың га;

- арпа - 6,2 мың га;

- сұлы - 3,5 мың га;

- майлы дақылдар 17 мың га;

- мал азығы 38,6 мың га;

майлы дақылдар 27,215 мың га;

азық түлік 49,04 мың га;

картоп 520 га;

көкөніс 40 га.

Тағы мынаны хабарлаймыз:

ауданда жүгері дәнді дақылға егілмейді;

арпа егу 12875,7 га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% артқан;

сұлы егу 3000,5 га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% артқан;

майлы дақылдарды егу 27215,8 га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 157% азайған;

ауданда қант қызылшасы өсірілмейді.

 120 тармақ бойынша. 2017 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі:

- сүт 7 мың тонна;

- ет тірі салмақта 1,5 мың тонна.

5 айында 2017 жылғы ет өндірісі құрады 1542 мың тонна(98,9%), сүт 7836,5 мың тонна(100,6%).

123 тармақ бойынша. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жылына10-нан кем емес жаңа өндіріс құру немесе жаңарту.

2017 ж. сәуір айында «Галицкое» ЖШС күнбағыс майын қайта өңдеу зауыты пайдалануға енгізілді.

131 тармақ бойынша. 182,6 мың га кем емес пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту.

 7,0 мың га пайдаланылмайтын жерлер ауыл шаруашылығы айналымына конкурстық негізде, 2775, 2 га конкурстан тыс берілді.

 156 тармақ бойынша. Әлеуетті МЖӘ жобаларын іріктеу және жобаларды іске асыру тізбесін қалыптастыру.

 Успен ауданында ЖМӘ тетіктерін іске асыру шеңберінде Ковалев ауылында екі тұрғын үй құрылысының жобасы жоспарлануда, әлеуетті инвесторлар «БиК» ШҚ болып табылады.

181 тармақ бойынша. Әлеуметтік - маңызды азық-түлік бағасына ай сайын мониторинг өткізу. Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл және ауылдық округтері әкімдерімен бірлесе отырып жергілікті жерлерде әлеуметтік - маңызды азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы облыс бойынша орташа бағалардан аспайтыны анықталды.

190 тармақ бойынша. Кадрлар құрамын ерте іріктеу және жоғарылату жүйесін қолдана отырып дарынды және перспективалы кадрлармен толықтыру үшін меритократия қағидатын күшейту.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бес мемлекеттік қызметшілерге жоғарылату ұсынылды. Қазіргі уақытта үш мемлекеттік қызметшілердің туралы аттестаттау комиссиясының шешімдері іске асырылды. Жұмыс кезінде меритократия қағидатын күшейту, кадрларды іріктеу жүйесін қолдана отырып, кадрлар құрамын іріктеу және дарынды және перспективалы кадрлармен толықтыру үшін мемлекеттік қызмет ерекше бақылауға алынды.

192 тармақ бойынша. 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына 539 қатысушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен бойынша қамту.

 Кадрларды еңбек рыногының қажеттілігін ескере отырып техникалық және кәсіптік біліммен дайындау.

 Әрбір елді мекенде мобильді топ жұмысы ұйымдастырылған. Мобильді топтар құрамына ауылдық әкімдіктердің мамандары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, учаскелік инспекторлар, жастарды дамыту орталықтарының мамандары енгізілген. Мобильді жұмыс топтары 9, 11 сынып оқушылары, ата-аналар, жұмыссыз жастар арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 Қазіргі уақытта жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік комиссия, 26 колледждер мен 63 мамандықтардың жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау бағдарламасының бірінші бағыты аясында.тұрғындардың тізімі бекітілді.

 Успен ауданында оқыту аграрлы-техникалық колледжінде «Фермер шаруашылығы» және 11-сынып негізінде «Техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен автокөліктер құралдарын пайдалану» 2 мамандық бойынша өтеді.

Бүгінгі күні жұмыспен нәтижелі қамту бағдарламасына қатысу үшін, үміткерлердің тізімін алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 11 сыныптың 6 түлегі және 9 сыныптың 12 түлегі қатысушы болуды жоспарлауда.

 «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». 37 адам оқыту жоспарланған оның ішінде: 20 адам «ауылшаруашылық өндірісінің тракторист - машинисі» мамандығы бойынша кәсіптік даярлау және қайта даярлау, 7 адам «кәсіпкерлік негіздерін оқыту», 10 адам – аспаздардың қысқа мерзімді курстары. Успен аграрлы-техникалық колледжінде тракторист және аспаз мамандықтары бойынша оқу 1 маусымда басталды. Кәсіпкерлік негізін оқыту қыркүйек айына жоспарланған.

Қысқа мерзімді оқытуға жалпы қаржыландыру сомасы 6329,0 мың теңгені құрайды (оның ішінде 4113,8 мың теңге оқуға, 2215,2 мың теңге стипендия, жол ақысы, тұру ақысы). Стипендия мөлшері 16759 теңгені құрайды.

 196 тармақ. Жаңартылған білім бағдарламалары мазмұны бойынша басшылар, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мұғалімдер біліктілігін арттыру.

 2016-2017 оқу жылында ауданның барлық мектептері (1-сынып-24) жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнына көшті. 2016 жылы жаңа мазмұнға ауысуына байланысты Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚ БАИ филиалында курстарынан 1-сыныптың 24 педагогы өтті. 2017 жылы мектепалды даярлау сыныптарының 24 тәрбиешілерін оқыту жоспарланған, есепті кезеңге 3 тәрбиеші оқып шықты.

 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 193 пән педагогтары курстарын сәтті аяқтады. 2017 жылдың аяғына дейін 24 педагог білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілігін арттырады, оның ішінде 5, 7-сыныптардың пән мұғалімдері.

Әр мектеп үшін мұғалімдер қатарынан тренерлер дайындау жүргізіледі. 2016 жылы жаттықтырушылар курсынан 17 педагог өтті, 2017 жылы 14 педагог оқудан өтті.

Сондай-ақ мазмұнын жаңарту аясында әкімшілік мүшелері, әдіскерлер, робототехника мұғалімдері біліктілікті арттырудан өтеді. Оның ішінде 2016 жылы 31біліктілігін арттырды, 2017 жылы 33 өтті, оның ішінде 8 мектеп басшылары

197 тармақ. Менеджмент саласында білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру.

 Ауданның білім беру ұйымдарының басшылары барлығы -19. Менеджмент саласында 12 білім беру ұйымдары басшылары курстан өтті. 2017-2018 оқу жылы 5 жоспарлануда.

198 тармақ. Мектептерді үш тілділік білім беруді енгізу үшін жағдай жасау (кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту).

Аудан мектептерінен Таволжан мектебінде пәндер мемлекеттік тілде жүргізіледі, 5-6 орыс сынып оқушылары үшін "Чудеса света" әртүрлі жастағы тарих курсы бойынша факультативтік қазақ тілінде оқытылады, (мұғалімі И. Инербаев, барлығы 9 оқушы), Лозовое мектебінде "Қазақ хандығы" факультативтік курсы 7 орыс сыныбында қазақ тілінде оқытылады, (мұғалімі Мундуинова А. А., қамту 2 оқушы), Белоусовка мектебінде 6-сыныпта биология сабақтарында мұғалім Сакауб М. К. білім терминдерін қалыптастыру бойынша ағылшын тілінде жұмысты жүргізеді. Барлық бағдарлама мектеп мұғалімдерімен әзірленді және мектеп әдістемелік кеңесінде бекітілген.

 Жаңа оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерттеуді енгізу мақсатында 4 мектеп анықталды, аудан орталығының 3 мектебі және Галицкая мектебі. Пәндер вариативті компоненттің есебінен аптасына 1 сағат факультативтік курстар сияқты енгізіледі.

 Аталған мәселе бойынша оқушылармен, ата-аналармен және осы мектеп педагогтармен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Оқулықтар сатып алуға қаражат қарастырылған.

199 тармақ. Шағын мектептер желісін оңтайландыруды жүргізу. Мектептер мәртебесін өзгерту (ортаны - негізгіге, негізгіні - бастауышқа ауыстыру, ауданның жоспары бойынша)

Мектептерді оңтайландыру шеңбері аясында Успен ауданы әкімі бекіткен 2016-2019 жылдары Успен ауданы бойынша білім беру мазмұнын жаңарту бойынша іске тартылған мемлекеттік органдардың іс - қимыл жоспарына сәйкес мынадай рәсімдер жоспарланған.

2017 жылы:

Ковалев және Дмитриев мектептерінің мәртебесін негізгі және бастауыш мектептерге өзгерту.

Осы бағытта мәртебесін өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 200 тармақ. Ауылдық шағын комплектілі мектептерде оқыту сапасының жай-күйіне мониторинг жүргізу- (аралық мониторингі және қорытынды аттестаттау нәтижелерін талдау)

 Ағымдағы жылы 11 сынып түлектерінің жалпы саны 73 адам құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын – 6, орыс тілінде - 67. Барлығы 11 сынып, оның ішінде бейіні бойынша жаратылыстану –математикалық бағыт бойынша - 9, қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша -2.

 15 жалпы білім беретін орта мектеп қорытынды аттестаттауға 2017 жылғы қатысып, контингент жоқтығынан Ольгин, Тимирязев, Қаратай және Ковалев мектептері қатыспады.

Қорытынды аттестацияны 11 мектептің 73 түлегі тапсырды, Успен ауылының №1,2,3 мектептері, Таволжан, Константинов, Белоусов, Лозов, Қозыкеткен, Галицкая, Вознесен, Павловя.

Емтихан қорытындысы бойынша орта білім сапасы 68,54% құрайды. 201 тармақ. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін топтар санын көбейту және үшін өзге ұлт өкілдерінің балаларын тәрбиелеу.

 Көрсеткіш Қозыкеткен мектебінде шағын - орталықты мемлекеттік тілде 25 орынға кеңейту есебінен 79,6% - ға ұлғайтылды, арналған. Өзге ұлт балаларының барлығы 275, есепті кезеңде 219 оқытумен қамтылған.

 202 тармақ. Орта білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ ұсынымдары бойынша "Экономика негіздері және кәсіпкерлік" вариативті оқу бағдарламаларын енгізу

 Ауданда орта білім беру ұйымдары 15, 2017-2018 оқу жылы кезінде жұмыс оқу жоспарын жасау барысында 5 сыныптарда көзделген бұл курс вариативті компоненттің есебінен қарастырылады.

203 тармақ. Жалпы ұлттық "Мәңгілік Ел"идеясы негізінде жаңа қазақстандық патриотизм базалық негізін тәрбиелеу және жылжыту бойынша іс-шаралар өткізу.

 Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында азаматтық сана-сезім және білім беру бөлімімен нақты жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарының тәрбие жоспарлары әдістемелік - нұсқаулық хатқа сәйкес жасалып, тәрбиелік бөлігі "Мәңгілік ел" патриоттық актісін түсіндіруге және ілгерілетуге негізделеді.

Кәсіптік бағдар және салауатты қазақстандық әскери қызметшіні қалыптастыру бойынша жұмыс аясында БӘД мұғалімдерімен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен, студенттер мен жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен кездесулер ұйымдастырылды, ақпараттық стендтер жабдықталған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептерінде түрлі іс-шаралар қамтитын, жұмыс жоспарлары жасалған: сынып сағаттары, әңгімелер, викториналар, көріністер, бейнероликтер көрсетілді. Жыл сайын "Патриот" айлығы шеңберінде "Қайсар" БЖК облыстық "Туға қарап сап түзе!" конкурсының аудандық кезеңі ұйымдастырылады.

 204 тармақ. Жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында қалалар мен аудандар мектептерінің оқу бағдарламасына "Өлкетану" пәнін енгізу.

Вариативті компоненттің есебінен барлық 19 мектепте 7-сыныпта "Өлкетану" факультативтік курсы енгізілген.

206 тармақ. Оқушылардың ауыстыратын аяқ-киім және спорттық керек-жарақтарын, оқулықтарды жеке сақтауға арналған шкафтармен қамтамасыз ету.

2016-2017 оқу жылының соңында барлық мектеп оқушылары құрайды 1556 құрайды, 4-секциядан тұратын шкаф қажеттілігі 389, жалпы сомасы 11670,0 мың теңге (бір шкаф-30 мың теңге). Кезең - кезеңмен сатып алу жоспарланған. 2017 жылы үшінші тоқсанда бюджетті нақтылау кезінде аудан орталығының мектептері үшін сатып алу қаралады.

207 тармақ. Мектептердің 1-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Барлық оқушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

 3 тоқсанда бюджетті нақтылау кезінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі қаралатын болады. Ауданның барлық мектептері 100 % ауыз сумен қамтамасыз етілген.

208 тармақ. Есепке алу процесін автоматтандыру және бала бақшаға кезек проблемасын шешу үшін жолдама беру

Есепке алу және бала бақша кезегіне жолдама беру ауданының білім бөлімінде автоматтандырылған, мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі және "Е-акимат" базасына енгізіледі.

 209 тармақ. Халық арасында 12-жылдық білімге көшу, үш тілде оқыту және жаңа форматтағы ҰБТ енгізу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ауданның білім беру мекемелерінде 2017 жылғы сәуір айында осы мәселелерді түсіндіру бойынша жалпы мектептік жиналыстар өткізілді.

211 тармақ бойынша. Облыс тұрғындары, жұмыс берушілер, медициналық қызмет көрсетушілер арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық - түсіндірме жұмысын өткізу. Успен ауданында халықпен, сондай-ақ жұмыс берушілермен, ШҚ, ЖК қызметкерлерімен және медициналық персоналмен МӘМС бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Успен ОАА әр бейсенбі МӘМС түсіндіру бойынша «ашық есік күнін» өткізеді. Қамтылған халық -1220 (жұмыс берушілер -40 адам, қызметкерлер 447 адам, белсенді емес халық -200 адам, жеңілдікті санаттағы -105 адам, дәрігер -21 адам, орта медициналық қызметкерлер-82 адам).

 214 тармақ бойынша. Облыс поликлиникаларында электрондық кезек енгізу. ШЖҚ "Успен ОАА" КМК базасында электрондық кезек енгізу үшін медициналық тіркеушілерде бар автоматтандырылған орындар бар. Әрбір науқас Egov арқылы дәрігерге қабылдауға жазыла алады, медициналық қызметтің басқа да мәселелері бойынша азаматтардың емхананың жеке сайтына жазу құқығы бар.

219 тармақ бойынша. АМСК деңгейінде педиатриялық учаске үлесін ұлғайту және қалпына келтіру. ШЖҚ "Успен ОАА" КМК 0 ден 5 жасқа дейін балалар саны 839құрайды. Педиатриялық учаске аз нормативтеріне сәйкес тиісті емес (5000 балаға 1 педиатриялық учаске), балалар дәрігерлері, жалпы тәжірибе дәрігерлері қызмет көрсетеді. педиатр - ифекционист дәрігер бар.

220 тармақ бойынша. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан жағдайда қаржылай көмек көрсетуді көздейтін "Өрлеу" Жобасын іске асыруды жалғастыру кемінде 165 аз қамтылған отбасы қамту.

 2017 жылға келісілген ақшалай көмекке республикалық бюджеттен-2 млн 256,0 мың теңге, БЖА төлеуге 620,0 мың теңге ( жергілікті бюджеттен 752,0 мың теңге) кеңесшіге төлеуге – 974,0 мың теңге, ассистентке төлеуге – 662,0 мың теңге ҚР Үкіметі бекіткен "Өрлеу" жобасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережелеріне сәйкес. 2017 жылға 7 отбасыларға көмек көрсету жоспарланған 01.07.2017 жылғы жағдай бойынша БЖА 4 отбасына-20 адам тағайындалды жалпы сомасы 903,0 мың теңге.

 222 тармақ бойынша. «Успен ауданының ММ мәдениет, тілдерді дамыту, ДШ және спорт бөлімі» өткізетін іс-шаралар тегін жүргізіледі. Үйірмелерге, қызығушылықтар бойынша клубтарға бару тегін ұйымдастырылған.

 223 тармақ бойынша. Спорттық ғимараттар орнату арқылы, халықты тұрақты дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысуға тарту, соның ішінде жалпы білім беру мекемелерінде.

 Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында 30 мамырда Лозовое ауылында жасанды жабындымен шағын-футбол алаңы орнатылды, 30 маусымда Успен ауылында №1 УЖББМ көпфункционалды алаңды және Ковалев а., Константинов а., Қаратай а, Белоусов ауылында шағын - футбол алаңдарын жайластыру аяқталды. Таволжан және Қоңырөзек ауылдарында шағын-футбол алаңдары ағымдағы жылдың 15 шілдесінде аяқталады. Барлық жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабақтары үшін қажетті жағдай жасалған. 


ТіркемеКөлем
Файл жоспар67.49 KB

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp