Азаматтар мүддесіне қарай қылмыстық процесін оңтайландыру

27.06.2017

Успен ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасының бүкіл аймақтарында 2017 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының №55 және 2017 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің № 365 бірлескен бұйрықтарына сәйкес, 2017 жылғы 01 маусымнан 01 қыркүйекке дейін «Азаматтар мүддесіне қарай қылмыстық процесін оңтайландыру» атты пилотты жоба енгізілгені туралы хабарлайды.

Тиісті пилотты жобаның негізгі мақсаты тергеуді тез арада аяқтау және қылмыстық істі сотқа жіберуді тездету болып табылады.

Пилотты жоба аясында прокуратура қылмыстық істерді жедел қарастыруды қамтамасыз етеді:

- қылмыстық бұзушылықтарды – 6 сағатқа дейін;

- сотқа дейінгі жедел тергеу формасында – 1 тәулікке дейін;

- процессуалды келісім түрде – 3 тәулікке дейін.

Пилотты жобаға протоколды түрде тергелетін, күдікті тұлғалар анықталған, өз кінәсін мойындаған, келтірген нұқсанды талап етпейтін, жеңіл, орта және де ауыр түрдегі қылмыстар жатады.

Ішкі істер органдарында оңтайландыру тиісті тергеу қызметін жедел түрде өткізуін қарастырады, оның ішінде:

- қылмыс бұзушылықтар – 2 тәулікке дейін;

- жедел сотқа дейінгі формасында – 10 тәулікке дейін;

- прокурорға кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімінің қорытындысын ұсыныспен бірге жіберу – тәулік ішінде.

Осы жобаға Қылмыстық кодексінің 85 тармағы бойынша, ішкі істер органдарының тергеуіне жататын, күдікті тұлғалар анықталған және олармен кінәсі мойындалған, 102 қылмыстық бұзушылық кұрамы жатады.

Осыған орай тиісті жоба аясында Успен ауданының прокуратурасы мен ішкі істер органдарымен бірлесе қылмыстық процесін оңтайландыру және тиімділігін арттыру, және де азаматтардың мүддесін қорғау шаралары қолданылады.

Оңтайландыру процесі бойынша полиция мен прокуратурада бюрократиялық процедуралар азайды. Керексіз келісу және құжатты тіркеу кезендері оңтайландырылды. Прокурор істерді жедел қарастырумен шектелмейді, ол қағазсыз азаматтарды қабылдап, мәселелерді орнынан шешеді.

Сондықтан, пилотты жобаның нәтижесінде қылмыстық процестің тиімді моделін құрастыруға көмектеседі.

Успен ауданының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp