Успен ауданының Қаратай, Богатырь ауылдарының, Лозов, Қозыкеткен, Новопокров, Надаров және Равнополь ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау белгілеу туралы хабарландыруы

26.06.2017

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабының 3, 12 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларын» орындау мақсатында және Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 24 маусымдағы № 11 қаулы бойынша Успен ауданының Қаратай, Богатырь ауылдарының, Лозов, Қозыкеткен, Новопокров, Надаров және Равнополь ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау 2017 жылдың 16 тамызына белгіленді.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну жергілікті қоғамдастықтың келісімі бойынша аудан әкімімен іске асырылады.

Әкімдерді сайлау сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерде жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Әкімдерді сайлаудағы жанама сайлау құқығы сайлаушылар – Успен аудандық мәслихатының депутаттарынан құралады.

2. Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

Марал Айтужанқызы Жылқыбаева – комиссия төрағасы;

Геннадий Викторович Сагайдак – комиссия төрағасының орынбасары;

Сярувар Дайырбекқызы Қапаевакомиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері: Жанар Қуанышқызы Бутаева; Сапар Қазбекұлы Дұсмағамбетов; Дәулет Бейсенбайұлы Асылов; Зарема Бейбітқызы Исимова,

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекенжайы: Успен а., Ленин к-сі, 71, 11 бөл. , тел.: 91-2-48.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp