ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ ӨРТСІЗ!

21.12.2016

Жаңа 2017 жылдың басталуына дейін санаулы күндер ғана қалды. Дәстүр бойынша біз жаңа жылды салтанатты түрде әсем шыршаның жанында қарсы алуға дайындаламыз. Әрбіріміз шыршаны ойыншықтармен, гүл тізбектерімен, мақтадан жасалған қар ұлпаларымен одан да сәндірек, әдемірек безендіруге тырысатынымыз ешкім де құпия емес. Мерекелік дастарханда ағайын-жұрт бір-бірін жаңа жылмен құттықтайды, шырақтар жағады, айналада бенгал оты да жарқырап жанады. Осының барлығы, әсіресе, адамдар жаппай жиналатын орындарында өртке қауіпті жағдайды туғызады. Сондықтан мемлекеттік өртке қарсы қызмет жаңа жылдық шырша жанындағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін аудан тұрғындарының, барлық мекемелер басшыларының, мектепке дейінге және балалар ұйымдары мен мектеп директорларының есіне салады:

- қолдан жасалған электр гүл тізбектерін, шырақтар мен целлулоидтен жасалған ойыншықтарды қолданбаңыздар;

- шыршаны орнықты орындарға орнатыңыздар;

- шыршаны үй-жайдан шығуға қиындық келтірмейтіндей есеппен орнату керек;

- шырша жанында бенгал оттарын, шырақтарды, пиротехникалық бұйымдарды жақпаңыздар;

- шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден бір метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет;

- жаңа жылдық шыршаларды өткізу үшін қолданылатын бөлмелерде қатысушылардың саны бір адамға шаққанда 1 шаршы метр есебінен белгіленеді. Белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға жол берілмейді.

- шырша орнатылған бөлмеде кем дегенде екі шығу жолы болуы керек, ол тікелей сыртқа немесе басқыш алаңына шығар есігі.

- шыршаны иллиюминациялап рәсімдеуді тәжіриебелі электромонтер жасауы қажет, электр сымдары штепсельді қосу көмегімен ғана қосылады. Шыршаны жарықтандыруда азғана ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) иллюминацияны дереу сөндіру қажет және ақау себептерін анықтағанға және оларды жойғанша дейін жағылмауы тиіс.

Өрт болуы мүмкін жағдайына су, құм және тығыз жамылғыш қоры болуы керек. Адамдардың жаппай жиналуымен өтетін мерекелік шараларды өткізу орындарында эвакуациялық жолдардың жағдайын тексеру керек, қажеттілік жағдайында есіктердің кедергісіз ашылуын қамтамасыз ету керек. Оқу орындарының басшылары жаңа жылдық іс-шараларды өткізген кезде қызметкерлер немесе жоғары сынып оқушылары санынан өрт сөндірушілер жасағының кезекшілігін ұйымдастыруы қажет. Өрт пайда болған жайдайда «101» телефоны бойынша хабарлау керек.

Өрттен сақтау келіп жетуіне дейін қол астында бар өрт сөндіру құралдармен өртті сөндіру үшін өздігінен шаралар қабылдау, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру қажет.

Сондай-ақ, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынатынын естеріңізге саламыз. Сертификатталған пиротехникалық өнімдерді сату тек мамандандырылған дүкендерде ғана рұқсат етіледі. Баршаңызды жаңа жылды мерекелеген кезде отпен сақ болуыңызды сұраймыз, өрт қаупі бар жағдайды туғызбаңыздар, керемет мерекені өзіңізге және қоршаған адамдарға бұзбаңыздар.

Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сенім телефоны 91-0-23.

Өртке қарсы қызметтің телефоны – 101.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp