Тиімді қолдану

21.06.2017

Мал шаруашылық саласында шаруалардың жұмыс пайдалығы- ауылшаруашылық жерлер қорынан (жайылым, пішен, егістік) жер үлестеріне құқығын беру.

Прокурорлар жер қатынастар саласында заңдылықты орнатуын қамтиды (қолданбаған жерлерді анықтау,бағыты бойынша қолданбаған жерлерді анықтау, заң бұзушылықпен қолданған жерлер, жердің құңарлығын бұзу фактілерін анықтау, өз еркімен пайдалынысқа алу, ауылшаруашылық шығын қайтару). Бұл шаралар жерлдерді қайта қолданысқа қайтаруға және тұрғындарды жер ресурстарына қолжетімділігін артуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 1 бабындағы 4 тармақшасына сәйкес, жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері.

Сонымен қатар, Заңның 14 бабындағы 3 пунктіне сәйкес екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады.

Осыған орай бақылау ведомствосымен ағымды жыл ішінде, жалпы көлемі 7400 га астам жайылымы бар, бірақ ешбір мал басы тіркелмеген, 21 жер ұстаушы анықталды.

Сондықтан, «Жерді қоданысқа» жобасын іске асыру мақсатында, аудан прокуратурасымен аудан әкімі атына бақылау актісі қолданды.

Қарастыру нәтижесінде, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазалауға тартылды, жерді келешек қорға енгізу бойынша біржақты тәртіпте келісім шарттарды бұзу жұмыстары атқарылады.

 Успен ауданының прокуратурасы

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp