«ХҚКО» РМК-нің қызметкерлеріне көшпелі семинар өткізілді

14.06.2017

Успен аудандық сотының қызметкерлері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Успен ауданы «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысын түсіндіру бойынша көшпелі семинар өткізді.

Аталған семинарға «ХҚКО» РМК-ның инспекторлары қатысты.

Халыққа қызмет көрсету орталығының секторында «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің қызмет көрсетуі жеткілікті деңгейде атарылып, тұрғындар арасында аталған қызмет түрінің артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ХҚКО» секторында халықтың өзін өзіне қызмет көрсету бұрышы орнатылып, 2 инспектор белгіленген. Семинар барысында сот маманы Д.Чуприн, кеңсе меңгерушісі М.Абдиев «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы бойынша инспекторлардың барлық туындаған сұрақтарына жауап берді.

Көшпелі семинардың соңында Успен аулының тұрғындары арасында «Сот кабинеті» электронды ақпарат қызметінің жұмысын түсіндіру бағытындағы жұмысты жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.

Баспасөз кызметі Успен аудандық соты

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp