24 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14.06.2017

2017 жылдың 5 айында Успен аудандық соты шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 24 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» - туралы әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

Успен аудандық сотының қаулыларымен 24 құқықбұзушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабында көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 азамат әкімшілік қамаққа алынып, 1 азаматқа жалпы сомасы 22690 теңгені құрайтын айыппұл салынып, оның ішінде өзеркімен төлеген соманың құны 22690 теңгені құрайды.

Успен аудандық соты баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp