Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы «2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түліктері болып табылатын жастар қатарындағы азам

19.05.2017

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы «2017 жылға Успен ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түліктері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» № 236/12 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2016 жылдың 14 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5296 тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсандағы «Аймақ ажары» және «Огни села» аудандық газеттерінде № 51 жарияланған).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Аудан әкімі                                                       С. Саламацкий

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp