Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Белоусов ауылдық округінің әкімі шешімінің жобасы

26.05.2017

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Успен ауданының мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бас инспекторының   ұсынысы  негізінде, Белоусов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:

1. ІҚМ (ірі қара малдың) бруцелез ауруы анықталғанына байланысты,  Белоусов ауылдық округінің Тимирязев ауылы аумағында ауыл шаруашылығы малдары мен үй жануарлары бойынша («Анна» шаруа қожалығынан басқа) шектеу іс-шараларын енгізе отырып  ветеринариялық режим белгіленсін.

2. «Успен ауданының ветеринария бөлімі» (келісім бойынша) және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, ветеринарлық-санитарлық саулыққа қол жеткізу мақсатында анықталған індет ошағында қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

 Белоусов ауылдық округінің әкімі                                       Д. Аспанов

 КЕЛІСІЛДІ:

«Успен ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

                                      Л. Бараисова       

 

2017 жылғы «____» _______ 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

 

  

                                       Б. Агатанов       

2017 жылғы «____» _______

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp