2017 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Успен ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

05.04.2017

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде: Бағдарлама қатысушыларын кәсіби және техникалық оқумен қамтамасыз ету бойынша 60 адам және 2017 жылға қысқа мерзімді кәсіби оқумен кешенді жоспар бойынша 37 адамды оқыту жоспарланған.

1.  Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

Аудандық комиссияның шешімімен Т және КБ кадрларды дайындау бойынша әр ауылдық округте мобильді топтар құрылған. Дәл уақытта мобильді топтармен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Таволжан, Успен, Қозыкеткен, Ковалев ауылдарына облыстық мобильді топтар түсініктеме жұмыстарын өткізді. Түсіндіру жұмыстары үстінде 99 оқушы осы бағдарлама бойынша білім алу артықшылығымен танысты. 

2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде: 2017 жылға жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыспен қамтудың жол картасына келісті 41 Бағдарлама қатысушыларына шағын кредит беру жоспарланған. Кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға 10 адамды жолдау жоспарланған. 2016 жылы кәсіпкерліктің негіздерін оқыту бойынша  22 адам өтті. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  алдын ала есептеуі бойынша Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жалпы сомасы 54200,0 мың теңге сомасына лимиттер жолданды.

 Бөлінген қаражаттың 60 % (32,5 млн теңге) қаржылай қолдау қоры арқылы 40 %  (21,7 млн теңге) «Ажболат» кредиттік серіктестік арқылы өткізу жоспарланған.

11 үміткерлердің құжаттары  шағын кредиттеуге қатысу үшін қаржылай қолдау қорына жіберілді.

Үшінші бағыттың шеңберінде: «Мобильді еңбек ресурстарын және тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту»  2017 жылға жалпы сомасы 10582,0 мың теңге жалақыны субсидиялаумен 36 уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланған. 01.04.2017 ж. жалпы сомасы 10582.0 мың теңге (РБ) 53 адам жіберілді немесе  147,2%.  Қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген 1632,0 мың теңге толығымен игерілді 100%. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жалпы сомасы  6169,0 мың теңге  жалақыны субсидиялаумен 30 уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланған. Оның ішінде 30 адам немесе  100% ( әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатыспайтын ауылдық округтері: Таволжан, Қаратай, Богатырь ауылдары, Надаров, Қозыкеткен ауылдық округтері) жіберілді.

2017 жылға жастар практикасын өтуге жалақысы субсидиялауымен жалпы 5792,0 мың теңге сомасына 17 адамға дейін жеткізілді. Оқу мерзімі 01.07.2017 ж- 31.12.2017ж.

Жалпы сомасы 11662,0 мың теңге қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 100 адам жіберу жоспарланған. 01.04.2017 ж. жағдайы бойынша  46 адам жіберілді немесе 46%.

Еңбекке жарамды мол аймақтан мобильді жұмыс күштерін қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында сәуірдің басында солтүстік аймақтың жұмыс берушілерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Успен ауданынан «Степанищев» ШҚ қатысты, онда еңбек ресурсының қажеттілігі бар. Алдын-ала мәлімет бойынша 6 отбасын көшіріп әкелу жоспарланған. Бұдан басқа, тағы 10 отбасы біздің ауданда көшіп келуге ынта білдірді.

«Павлодар облысы, Успен ауданы әкімдігі, Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы» КММ балансында тұрған 16 пәтердің ( Ковалев ауылы - 4 пәтер, Галицк ауылы - 12 пәтер) барлығына  қоныстандырылды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp