2016 жылдың және 2017 жылдың 1 тоқсандағы қорытындысы бойынша Успен ауданында «Өрлеу» жобасын іске асыру туралы

05.04.2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауын, Ұлттық банкінің 2016-2018 жылдарға экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша және 2016 жылғы 18 наурыздағы 2016-2018 жылдарға экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер –министрі К. Мәсімовтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-әрекеттер жоспары бойынша №20-8/06-128 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі мемлекеттік шартты ақшалай көмекті енгізу бойынша «Өрлеу» жобасын жасады. Жоба масылдықтың алдын алу және әлеуметтік қолдау әдеістерін пайдалану арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғыртуға көзделген. Бұл жобаның қатысушылары болып табылатын отбасыларының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60% - ға төмен болу керек.

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыруға «Өрлеу» мемлекеттік шартты ақшалай көмек жобасы – отбасы бағдарламаның шарттарын орындауға жауаптылықты алатын, әлеуметтік көмектің белсенді нысандарын көздеген - пилоттық жоба.

Отбасы өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыру шарттарын орындаған жағдай ғана қаржылай жәрдем алады.

Жобаға қатысушы отбасы тарапынан - қиындықтарды жеңу үшін өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыруға міндеттенеді (жұмысқа тұру, оқу, өзінің еңбек немесе кәсіби шеберлігінен, қосалқы шаруашылығынан келетін табыс көзін арттыру). Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз тарапынан отбасына жұмыспен қамтудың белсенді шаралар түрінде әлеуметтік белсенділікте көмек және ай сайынғы ақшалай көмек көрсетуге міндеттеледі. Ақшалай көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі 60% -ның айырмасы болып белгіленеді.

Шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалады, алайда тағы 6 айға ұзарту мүмкіндігі бар. Осы мерзім ішінде отбасының мұқтаждықтан арылуына мүмкіндік туады, тұрақты табыс келеді және еңбек нарығында өзін бекітеді.

2016 жылы жергілікті бюджеттен осы жобаны іске асыруға 1260,0 мың теңге сомасында қаржылық қаражат 35 алушыға бөлінді.

2016 жылғы 31 желтоқсан жағдайына бұл көмек 6 отбасына - 29 алушыға 816,4 мың теңге сомасына тағайындалды.

2017 жылға шартты ақшалай көмекке республикалық бюджеттен 2256,0 мың теңге трансферттер бөлінді: ШАК төлеміне 620,0мың теңге, (және жергілікті бюджеттен 752.0 мың теңге), консультант ақысы - 974,0 мың теңге, төлемге – 662,0 мың теңге ҚР Үкіметімен бекітілген «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасын енгізуге Астана мен Алматы қалаларының, облыстық бюджеттерімен 2017 жылға республикалық бюджеттен мақсатты ағымды трансферттерді пайдалану Ережелеріне сәйкес.

2017 жылдың 1 сәуір күніне ШАК 3 отбасына 15 адамға 648,9 мың теңге жалпы сомасына тағайындалды.

2016 жылдың алушылар бойынша ақпарат

 

Ауыл округі

Өтінушінің ТАЖ

Отбасының құрамы

Көмек сомасы

Равнополь ауылдық округі

Бабин

Сергей Алексеевич

7       адам

1.Өтініш берушісі жұмыссыз.

2016 жылдың 1 тамызынан бастап «Рэгтайм»ШҚ–на жұмысқа орналастырылды.

1.Жұбайы 3жасқа дейін бала күту б/ша.

3.Кәмелетке толмаған бала-5

193 638 теңге

(сиыр сатып алуға)

Успен ауылдық округі

Гартман Лариса Владимировна

7       адам

1. Өтініш берушісі -3жасқа дейін бала күту б/ша.

2. күйеуі -«Гречихин»ЖК –де жұмыс істейді.

3. Кәмелетке толған – студент -1

149 976 теңге

(сиыр сатып алуға)

Лозов ауылдық округі

Завьялова Наталья Валентиновна

2 адам

1. Өтініш берушісі - жұмыссыз.

2016 жылдың 1 қазанынан бастап Лозов ЖОББМ аспазшы ретінде жұмысқа орналастырылды.

Ұлы - кәмелетке толмаған

81 402 теңге

(құс сатып алуға)

Қозыкеткен ауылдық округі

Мұхаметбай Сейіл

(Оралмандар)

 

4 адам

1. Өтініш берушісі - жұмыссыз.

2016 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «Павлодар облыстық мүгедектер еркін қоғамы» ҚБ–не әлеуметтік қызметші ретінде жұмысқа орналастырылды.

2. Күйеуі – жалдану бойынша жұмыс істейді.

3.Кәмелетке толмаған бала-2

77004 теңге

Қоңырөзек ауылдық округі

Уалигазинова Светлана Владимировна

3 адам

1. Өтініш берушісі - жұмыссыз.Уақытша қоғамдық жұмыстарда болған.

2. Күйеуі – жұмыссыз.

3. Кәмелетке толмаған бала-1 ұл

183 222 теңге

Успен ауылдық округі

Берг Людмила Теодоровна

6 адам

1. Өтініш берушісі - жұмыссыз. 2017 жылдың 1 наурызы нан бастап «Үміт компани»ЖШС не курьер ретінде жұмысқа орналастырылды.

2.Күйеуі - СТО-да жұмыс істейді.

3. Кәмелетке толмаған бала - 4

2016жылы -131 157 теңге

(бұзау сатып алды).

131 157 теңге – 2017 жылға.

 

 

2017 жылдың 1 тоқсандағы алушылар бойынша ақпарат

 

Ауыл округі

Өтінушінің ТАЖ

Отбасының құрамы

Көмек сомасы

Белоусов ауылдық округі

Адилова Гульмира Бүркітқызы

6 адам.

1 Өтініш берушісі - жұмыссыз.2017 жылдың 10 наурызынан қоғамдық жұмыстарда .

2.Күйеуі -«Родник» ЖК –де жұмыс істейді.

3. Кәмелетке толмаған бала -4

234 954 теңге

Қозыкеткен ауылдық округі

 

6 адам

1. Өтініш берушісі -3 жасқа дейін бала күту б/ша.

2. Күйеуі - Бабай Батырбек – жұмыссыз 1 наурыздан бастап қоғамдық жұмыстарда.

3. Кәмелетке толмаған бала -4

245 568 теңге

Равнополь ауылдық округі

Язов Валерий Александрович

3 адам.

1. Өтініш берушісі - жұмыссыз.2017 жылдың 10 наурызынан бастап «Хлебко»ШҚ жұмыс істейді.

Жұбайы –жұмыссыз, 2017 жылдың 10 наурызынан бастап қоғамдық жұмыстарда.

3. 1 ұлы – студент

168 372 теңге

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp