Сібір жарасы жөнінде не білу қажет

19.04.2017

Сібір жарасы - Bacillus anthracis қоздырғышымен шақырылатын, клиникасында терінің серозды геморрагиялық қабынуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және интоксикациямен сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекциялық ауру, көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис түрінде өтуі – сирек кездеседі.

Аурушаңдықтың қоздырғышы – Bacillus anthracis. Жұқпа көзі негізінен ауру шөпқоректі жануарлар болып табылады. Ұсақ және ірі мүйізді мал, жылқы, есек, қой, ешкі, марал, түйелер.

Қоздырғыш жиі қарым – қатынас жолымен жұғады. Берілу факторлары: ауру жануардың терісі, ішкі мүшелері, жартылай фабрикаттар, ет өнімдері мен басқа да азық – түлік өнімдері, сонымен бірге сібір жарасының спораларымен залалданған топырақ, су, ауа, қоршаған орта заттары. Сонымен бірге сібір жарасымен ауырған малдары бар қораларда жұмыс істеу кезінде шаң – тозаң арқылы, сүйек ұны арқылы жұғуы мүмкін. Стационарлық жағымсыз пунктілерде мал шаруашылық жануарларды Сібір жарасына қарсы иммунизацияны өз уақытында өткізу (соның ішінде жеке иелігінде болып табылатын малдарды)

Тұрғындар білу қажет - мәжбүрлеп сойылған жануарлардың етін ветеринария-санитарлық қадағалау қызметінің рұқсатысыз тағамға пайдалануға жол бермеу. Сапа жайлы сертификаты жоқ болған (әсіресе басқа аумақтардан әкелінген), ет және ет өнімдерін тағамға пайдалану қауіпті болуда. Малды күтіп ұстағанда және мал шаруашылығы өнімдермен түйіскен жағдайда жеке гигиена ережелерін сақтау. Сібір жарасына күдік болған кезде медициналық жәрдем алу үшін өтіну қажет. Ауру жануарлар немесе адамдармен түйіскен тұлғалар 2 апта ішінде белсенді дәрігерлік байқауына жатады.

Алдын алуда маңызды мәселемен Сібір жарасымен зақымдануға жоғары «қауіпі» топтарына жататын адамдардың екпе алу болып табылуда.

Успен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp