Успен ауданының жер қорларының бары және жер учаскелерін беру тәртібі туралы

19.04.2017

Успен ауданының жер қоры:

Ауылдың,ауылдық округтың атауы

Жалпы көлемі, га

көпжылдық екпелер,га

тыңайтылған жер, га

шабынды лық, га

жайылымдар, га

Барлығы а/ш алкапта ры, га

Бас қа

 жер лер га

 
 
 
 

Барлығы аудан бойынша

117 183

30

42 881

1 720

42 266

86 897

30 286

 

БЕЛОУСОВ А.О.

17 518

 

12 118

86

3 187

15 391

2 127

 

БОГАТЫРЬ А.

16 185

 

1 129

10

8 780

9 919

6 266

 

КОЗЫКЕТКЕН А.О.

9 449

 

2 450

 

5 809

8 259

1 190

 

КОВАЛЕВ А.О.

4 456

 

1 120

 

2 433

3 553

903

 

ҚАРАТАЙ А.

6 318

 

2 837

 

2 154

4 991

1 327

 

HАДАРОВ А.О.

6 034

6

2 121

 

2 723

4 850

1 184

 

HОВОПОКРОВ А.О.

2 224

 

1 063

112

552

1 727

497

 

ҚОҢЫРӨЗЕК А.О.

4 939

 

3 080

 

1 572

4 652

287

 

РАВНОПОЛЬ А.О.

15 916

24

7 767

962

814

9 567

6 349

 

ТАВОЛЖАН А.

3 231

 

 

 

572

572

2 659

 

УСПЕН А.О.

13 200

 

2 148

200

9 839

12 187

1 013

 

ЛОЗОВ А.О.

17 713

 

7 048

350

3 831

11 229

6 484

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43 бабына сәйкес осы Кодекстің 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:

1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);

4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;  

5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;

7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;

8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.

Жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiм комиссияның қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады..

Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергiлiктi атқарушы органына, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.

Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы органының, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырылуға тиiс.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43 бабының ережесі бойынша жеке және заңды тұлғалар жер учаскелерін ресімдей алады:

- оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;

- кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;

- жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;

-осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 48 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттiк меншiктегiжер учаскелеріне немесе жер учаскелерiне жалдау құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 Бұйрығымен бекітілген.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсқа қатысу жағдайлары және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығының 4,5,6,7 бөлімдерінде белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 310 Заңының (одан әрі-Заң) 9 бабының 1 тармағына сәйкес осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Заңның 9 бабының 2 тармағына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp