Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу

19.04.2017

Сыбайлас жемқорлық экономика мен дамуына үлкен кедергі жасауда, мемлекетіміздің экономикасына үлкен шығын жасауда. Себебі сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттің билігімен теріс пайдалану арқылы заңсыз пайданы, артықшылықты шығару себебі бойынша қатынастар жүйесі болып табылуда.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық, бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында маңызды қадамдар жасалды, сыбайлас жемқорлық көріністерін белгілеу және себептерін жою бойынша жұмысты күшейтуін белгіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық көрсету үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсылық көрсетудің заңнама базасын жетілдіруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жасаудың ең басты кезеңімен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жасау туралы» заңды енгізуі болып табылуда. Бұл Заң «100 нақты қадам» ұлттық Жоспарының 13 қадамын жүзеге асыру мақсатында қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қабілет жасайтын себептері мен жағдайларын жою үшін жаңа механизмдер енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жасау және күресу бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарында рұқсат беру құжаттарды беру бойынша жұмыстың ашық және мөлдір принцибі жұмыс істеуде. Қызмет алушылар ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және регламенттері негізінде «Азаматтар өкіметі» мемлекеттік корпорация АҚ арқылы, «Е-лицензирование» рұқсат беру құжаттарды автоматтандырылған жүйесі арқылы тапсырыс беруге және қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар болуда. Бұл жол маңызды болуда, себебі қызмет алушы мен қызмет беруші арасында тікелей қатынас болмауда.

Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жасау уәкілетті органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін ішкі бақылау жүргізілуде. Өтініштерді тіркеу ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде автоматтандырылған тәсілде өткізіледі, бұл өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға өтініш берген кезде құқықтарын бұзу оқиғаларына жол бермейді.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын субъектілер мен объектілерді тексеруін жоспарлау объектілердің тәуелді дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес үйлестіру негізінде және Қазақстан Республикасының Бас Прокуратураның сайтында орналастырылған жоспарға сәйкес өткізіледі.

Тексеру субъектілерге санитарлық аудит үрдісінен өту және объектіге жағымды қорытынды алған кезде заңнамалық деңгейде тексерістерден босату мүмкіндігі берілген.

Тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімділігін күшейту мақсатында «Нұр Отан» ХДП, өкіметті емес ұйымдармен, бизнес-құрылымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдаулар арқылы өзара ынтымақтасу жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жасау бағытталған жұмыстардың нысанының бірімен тұрғындардың құқықтық сауаттылығы болып табылуда. Құқықтық сауаттылығы мен хабарландыру дәрежесін жоғарлату мақсатында тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саласында құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдеріне консультация өткізу бойынша жұмыс тәртіпке келтірілген.

Азаматтардың құқықтық хабардарлық және сыбайлас жемқорлық көріністерге төзуге болмайтындық, мемлекеттік органдарымен өзара ынтымақтасуы сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне жол бермеуіне мүмкіндік беруде.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында Успен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында сенім телефонының жұмысы реттелді. Басқарма қызметшілерімен қызметтік этика нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзған кезде 8-718(34)91975 сенім телефон арқылы өтінуге болады.

Успен аудандық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасының

тұтынушылардың құқықтарын қорғау

бөлімінің басшысы А.О. Мамұнова

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp