Әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы

19.04.2017

Қазақстандық патриотизм және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, қазақстандық жауынгердің келбетін қалыптастыру мақсатында № 2 Успен ЖОББ мектебінің базасында әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы өткізілді.

 Жарысқа ауданның жеті мектебінен қатысушылар саны 56 адам қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар 7 деңгейден тұратын сайысқа түсті: саптық дайындық, атыс дайындығы, АК-74 қаруын жартылай шашу және жинау, оқшантай оқтау, турникке тартылу, тосын сый, әскерилендірілген кросс.

Жарыстың қорытындылары бойынша жүлделі орындар: 3 орынды Галицк ЖОББ мектебі, 2 орынды № 2 Успен ЖОББ мектебі, ал № 3 Успен ЖОББ мектебі жарыс жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар облыстық деңгейде өтетін жарысқа Успен ауданы атынан қатысатын болады. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp