Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – шұғыл-қызмет міндеттерін әрбір қызметкердің сапалы орындауы

19.04.2017

Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын жүргізу барлық деңгейдегі жетекшілердің басқару қызметінің негізгі бағыты және басты бөлімі болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық дүние танымы, кәсіптік-адамгершілік, патриоттық және эсетикалық тәрбиесін қалыптастыру Успен ауданы ТЖ бойынша бөлімшесі мен №24 өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттары болып табылады. Қызметкерлердің мемлекеттік-құқықтық дүниетаным жоғары деңгейін тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында келесі іс-шаралар өткізілді. Олар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары», «Азаматтық қорғанысқа -85 жыл» тақырыптары бойынша сұхбаттар жүргізілді. Апта сайын қызметкерлермен саяси ақпарат сағаттары өткізіліп, онда еліміздің ішкі саясат жағдайлары және сыртқы саясаттағы саяси жағдайлар қарастырылады. Аудандық «Нұр-Отан» ХДП филиалының қызметкерлерімен біріге отырып жеке құрамның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет» тақырыбында семинар өткізілді. Қызметкерлердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда адамгершілік, патриоттық және эстетикалық тәрбие маңызды рөл атқаратыны белгілі, ол үшін Алғыс күніне арнайы «Тату отбасында биік белестерге өрлеу» тақырыптық сағаты , «Ел болашағындағы ЭКСПО-2017 маңызы» тақырыбына лекция , ұлттық мейрам «Наурыз мейрамына» арналған іс-шаралар өткізілді. Жеке құрам өткізетін тәрбие жұмысының негізгі бөлігі қызметкерлердің қызметіне қажет тұлғалық қасиеттерді, жеке ерекшеліктерді, қызығушылықтарды, мінез-құлық, қасиеттер ді дамытып, жан-жақты зерттеуге бағытталған дербес-тәрбие жұмысы болып табылады. Бүгінгі күні жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңыздылығы мен маңыздылығына бағытталған көп себептері мен оны түпкілікті жақсарту қажеттілігі бар. Дербес-тәрбие жұмысына жоғары талап қойылған. Бұл қызметкерлердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оларға тұлғалық әсер етудің әр түрлі құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолданумен қамтамасыз етіледі. Дербес-тәрбие жұмысының ең кең тараған түрі жеке тәрбиелік мақсаттағы сұхбаттар. Өткен уақыт мерзімінде Успен ауданының ТЖБ қызметкерлерімен келесі тақырыптар бойынша «Қызметтік тәртіпті сақтау туралы», «Жол жүру ережесін сақтау туралы», «Ұжымдағы қарым-қатынас этикасы» 7 жеке сұхбаттар жүргізіліп, қызметке жаңа тұрған қызметкерлермен таныстыру сұхбаттары жүргізілді. Дербес тәрбие сұхбаттары сенімді сипатта жүргізіліп, қызметкердің бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға бағытталған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қызметкердің тұрмыстық жағдайын, отбасылық жағдайын, қызметтен тыс қарым-қатынас жасау ортасы мен олардың қызметкердің тәртібіне әсер етуі, қызметке қарым-қатынасы, қызметкердің бос уақытын өткізуін танып-білу мақсатында барлық қызметкерлермен тұрғылықты жері бойынша танысу жұмысы жүргізілді.

         Успен ауданының ТЖБ бастығы

         азаматтық қорғау подполковнигі Ю. Шаранюк

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp